
Түркістан облысның адами әлеуетті дамыту басқармасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығы (09.08.2022 ж. №355 бұйрығына сәйкес енгізілген өзгерістермен) негізінде 2022 жылдың қазан айында Түркістан облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Үздік педагог» атағын беру конкурсының 2 кезеңінің өтетінін хабарлайды. Ал, 1- кезең аудан/қаладағы барлық колледж ішінде ұйымдастырылып, кіл мықтылар іріктеуден өтті. Келесі кезең жеңімпазын басқарма анықтайды.