Қазақстанда «Үздік педагог» байқауы басталды

Ұстаздар күні қарсаңында елімізде «Үздік педагог» байқауы басталды. Жеңімпаздарға 3 млн теңге көлемінде сыйақы беріледі. Былтыр еліміздің әр өңірінен 64 мұғалім 3 млн теңгеден алған болатын.

Конкурсқа мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері қатыса алады. Биыл цифрландыру бағытында үлкен жұмыс атқарылды. Байқаудың барлық кезеңі, нақтырақ айтқанда, қатысушыларды тіркеуден бастап республикалық кезеңнің қорытындысын шығаруға дейін толығымен цифрландырылған.

Құжаттарды қабылдау 12 қыркүйекте басталып, 2022 жылғы 22 қыркүйекке дейін жалғасады. Байқау туралы ақпарат еліміздің барлық 380 мың мұғалімі пайдаланатын kundelik.kz жүйесінде орналастырылады.

Сондай-ақ байқау тарихында алғаш рет барлық кезең, яғни қатысуға өтінімдерді қабылдау, тіркеу, конкурс құжаттарын тапсыру, бағалау https://teachercontest.iac.kz/ веб-порталында жүзеге асырылады.

«Бұл байқаудың маңызы зор, өйткені ол үздіктердің ішіндегі ондаған үздік педагогтің еңбегін тануға мүмкіндік береді. Жүлде қорын ұлғайттық және бұл мықты мамандардың мамандыққа келуіне түрткі болып, осы кәсіпте ондаған жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан мамандарға көрсетілген құрмет болады деп сенеміз. «Үздік педагог» атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер үміткер бола алады. Бұл — балабақша, мектеп, колледж мұғалімдері. Байқау аясында мұғалімнің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі. Бір айта кетерлігі, жылдан жылға үміткерлер саны ғана емес, олардың дайындық деңгейі де артып келеді. Бұл жалпы білім сапасы мен педагог мәртебесінің артқанын көрсетеді. Биыл байқауға қатысатын әрбір педагог сауалнаманы толтырғаннан кейін конкурстың одан арғы динамикасын бақылай алады, мысалы, қатысушылар қай кезеңде тұр, оларға сарапшылар қандай ұпай қойды», — деп түсіндірді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Байқау үш кезеңнен тұрады:

— I кезең – аудандық, қалалық деңгей;

— II кезең – облыстық деңгей;

— III кезең – республикалық деңгей.

Екі байқаудың қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған мұғалімдер республикалық деңгейге өтеді.

Республикалық «Үздік педагог» байқауы 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында байқау аясында мектепке дейінгі және орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 600-ге жуық үздік педагогі анықталды.

«Үздік педагог» атағының иегерлеріне 3 млн теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы ғана емес, төсбелгілер де беріледі.

Байқау ережелері туралы қосымша ақпарат Оқу-ағарту министрлігінің сайтында бар.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

13 Comments

  1. Hello there, just became alert to your blog through Google, and found that it’s really informative.
    I am gonna watch out for brussels. I’ll appreciate if you continue this in future.
    Numerous people will be benefited from your writing.

    Cheers!

  2. Definitely believe that which you stated. Your favorite justification seemed to be on the
    web the simplest thing to be aware of. I say to you, I definitely get irked while people consider worries that they plainly
    don’t know about. You managed to hit the nail upon the top and defined out the whole thing
    without having side effect , people can take
    a signal. Will likely be back to get more. Thanks

  3. Sweet blog! I found it while searching on Yahoo News.
    Do you have any tips on how to get listed in Yahoo News?
    I’ve been trying for a while but I never seem to get there!

    Appreciate it

  4. Simply wish to say your article is as surprising. The clearness
    in your post is just cool and i could assume you
    are an expert on this subject. Well with your permission allow
    me to grab your feed to keep updated with forthcoming post.
    Thanks a million and please carry on the rewarding work.

  5. I am really enjoying the theme/design of your website.
    Do you ever run into any browser compatibility problems? A few of my blog audience have
    complained about my website not working correctly in Explorer
    but looks great in Safari. Do you have any recommendations
    to help fix this problem?

  6. Hmm is anyone else having problems with the images on this
    blog loading? I’m trying to determine if its a problem on my end or if it’s the blog.
    Any responses would be greatly appreciated.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.