ТҮРКІСТАН: Оқу-ағарту министрлігінің осы аптадағы басты жаңалықтарына қысқаша шолу:

— 18 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан тегін өтті. Курстарды Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» орталығы өткізіп жатыр.

— Щучинсктегі «Балдәурен» лагеріне өрт кезінде үйлері зардап шеккен Қостанай облысының оқушылары барды. Балалар лагерьде білім алып, сауықтыру процедураларынан өтеді.

— Қазақстандық колледж студенттері рекордтық 125 мың грант иеленді

— Президенттің тапсырмасы бойынша 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мектеп, колледж, балабақша мұғалімдерінің жалақысы тағы 25%-ға өседі.

— Қазақстандық мектептерде оқу жылы басталғалы бері 1 500-ге жуық педагог-ассистент жұмысқа кірісті. Олар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көмектеседі.

— Асхат Аймағамбетов балабақша тәрбиешілерін артық есеп беруден арылтатын бұйрыққа қол қойылғаны туралы хабарлады. Енді олар үш-ақ құжат толтыруы керек.

— Қостанай облысында өрт кезінде эвакуацияланған бастауыш сынып оқушылары Алматыдағы «Бөбек» орталығына жолдама алды. Орталықта балаларға оқу және сауықтыру процедуралары үшін жағдай жасалған.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.