ТҮРКІСТАН: МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ

Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін — математика, сондықтан оны оқу керек. Ол үшін жаңа технологиялар ауадай қажет. Қазіргі кезде білім беру саласында оқушылар терең білім мен тәжірибелік дағдыларды бірдей меңгеруі қажет. Мұның маңыздылығы туралы тұжырым қалыптасқанына бірнеше жыл болды. Осы ретте Келес ауданындағы №4 Ж.Баласағұн атындағы жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Айтлеуов Нұртас Әбдуайтұлы, заманауи оқыту тәсілдерінің негізгі ерекшелігі оқушылардың білімді ғана меңгеріп қоймай, оны іс жүзінде қолдана білу керектігін айтады. Отыз бес жылдық тәжірибесі бар мұғалім орта білім беру жүйесінде сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл математиканы оқыту да маңызды дейді:

— Сындарлы оқыту теориясы оқушылардың білім деңгейін арттыра түседі, әрі алған білімдерін өмірде қолдануға мүмкіндік береді. Мұның тиімділігі бала алған білімін жаңа біліммен байланыстырады, бұл мұғалімге де көп мүмкіндік тудырады. Балаларда механикалық есте сақтау немесе үстірт білім алу жағдайлары орын алып жатады. Бұл «дәстүрлі» сабақ арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді үйлесім таппауы деп те айта аламыз. Әсіресе геометриядағы түрлі фигуралар мен есептер күнделікті өмірде аса қажет. Сондықтан осы тұста сыни тұрғыдан ойлау әдісіне де мән беру керек,-дейді Н.Айтлеуов.

Педагог-зерттеуші бұл тақырыпта арнайы ғылыми мақала да дайындап жатыр. Шәкірттеріне олимпиадалық күрделі есептер шешуде тұрақты түрде өз кеңестерін беріп келеді. Математика мұғалімінің шеберлігіне ата-аналар мен оқушылар да дән риза.

Айта кету керек, соңғы жылдары математика пәнінің мұғалімдерін даярлау сапасы, біліктілікті арттыру мәселесі көп көтеріліп жүр. Осы салаға талапкерлерді тарту бойынша биыл педагогикалық мамандықтарға да грант көбірек бөлінді.

Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін — математика, сондықтан оны оқу керек. Ол үшін жаңа технологиялар қажет. Қазіргі кезде білім беру саласында оқушылар терең білім мен тәжірибелік дағдыларды бірдей меңгеруі қажет. Мұның маңыздылығы туралы тұжырым қалыптасқанына бірнеше жыл болды. Аудандағы №4 Ж.Баласағұн атындағы жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Айтлеуов Нұртас Әбдуайтұлы заманауи оқыту тәсілдерінің негізгі ерекшелігі оқушылардың білімді тек меңгеріп қана қоймай, оны іс жүзінде орынды қолдана білу керектігін айтады. Отыз бес жылдық тәжірибесі бар мұғалім орта білім беру жүйесінде сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл математиканы оқыту да маңызды дейді:

— Сындарлы оқыту теориясы оқушылардың білім деңгейін арттыра түседі, әрі алған білімдерін өмірде қолдануға мүмкіндік береді. Мұның тиімділігі бала алған білімін жаңа біліммен байланыстырады, бұл мұғалімге де көп мүмкіндік тудырады. Балаларда механикалық есте сақтау немесе үстірт білім алу жағдайлары орын алып жатады. Бұл «дәстүрлі» сабақ арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді үйлесім таппауы деп те айта аламыз. Әсіресе геометриядағы түрлі фигуралар мен есептер күнделікті өмірде аса қажет. Сондықтан осы тұста сыни тұрғыдан ойлау әдісіне де мән беру керек,-дейді Н.Айтлеуов.

Педагог-зерттеуші бұл тақырыпта арнайы ғылыми мақала да дайындап жатыр. Шәкірттеріне олимпиадалық күрделі есептер шешуде тұрақты түрде өз кеңестерін беріп келеді. Математика мұғалімінің шеберлігіне ата-аналар мен оқушылар да дән риза.

Айта кету керек, соңғы жылдары математика пәнінің мұғалімдерін даярлау сапасы, біліктілікті арттыру мәселесі көп көтеріліп жүр. Осы салаға талапкерлерді тарту бойынша биыл педагогикалық мамандықтарға да грант көбірек бөлінді.

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. Thank you a lot for sharing this with all people you actually understand what
    you are talking about! Bookmarked. Kindly also consult with my
    site =). We could have a hyperlink change contract among us

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.