САЙРАМ: ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ — БАСТЫ МІНДЕТ

Сапалы білім алудың педагог тарапынан оқытуымен қатар, құрастырушы бөліктері ретінде ол жастардың дұрыс бағыттағы жүріс-тұрысы, алдағы буынның тәрбиелік мәні бар тәжірибемен бөлісу, олардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу.

Бұл тұрғыда, бүгін Сайрам ауданының прокуроры Даулет Тлемисовтың бастамасымен Ақсукент ауылында орналасқан №93 Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінде білім алып жатқан және №94, С.Базарбаев атындағы №61 НОМ, Сұраншы батыр атындағы №97 ЖОМ-ның 300-ге жуық жасөспірім ұл-қыздарымен семинар кеңес өткізілді.

Аталған іс-шараға аудан прокуроры, аудандық полиция басқармасының және адами әлеуетті дамыту бөлімі басшылары мен жауапты қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен педагог-психологтар қатысып, жасөспірімдермен ашық диалог құрды.

Алғашқы сөзді аудан прокуроры Дәулет Бекбашұлы бастап, Президенттің Жолдауында жастарға қатысты айтылған іс-шаралардың жүзеге асыру барысын түсіндіріп, сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалған құқық бұзушылықтар мен қоғамда белең алған өзге де қылмыстар, бұдан бөлек, қоғамға жат қылықтар төңірегінде ерекше тоқталып, жиналған қауымға әрбір құқық бұзушылық үшін Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, тиісті жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.

Аудан аумағында ұрып-соғу, ұрлық, алаяқтықпен алдау әрекеттеріне барған жасөспірімдер туралы мысалдарды келтіріп, осы тектес жағдайлардан аулақ болуын және ондай іс-әрекеттер бойынша құқық қорғау органдарына дер кезінде хабар беруді, түнгі уақытта сағат 22:00-ден кейін ата-анасыз жүруге, мектептегі сабақтарды себепсіз өткізуге болмайтыны, жалпы қазіргі таңда мемлекет тарапынан жасалып жатқан барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, білім мен ғылымды, өнер мен спортты ұштастыра отырып, өзін дамыту жолында еңбек ету қажеттілігі жөнінде түсіндірме берді.

Сондай-ақ, аудан прокурорына жасөспірім балалар тарапынан көкейінде жүрген бірнеше сұрақтар қойылып, оларға толыққанды жауаптар берілді.

Алдағы кезеңде мұндай іс-шаралар барлық ауыл округтерінде өткізілу жоспарланып, тиісті кесте түзілген.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.