Мұғалімдер арасында спорттың 5 түрі бойынша спартакиада басталды. Қала көлемінде өтетін бұл жарыс 21-30 қыркүйек аралығында өтеді. Мәселен, үстел теннисі, волейбол (ерлер және әйелдер), шахмат, кіші футболдан 500-ге жуық ұстаз өзара бақ сынауда.
Бүгін С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебі мен М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясында ерлер арасында волейбол мен үстел теннисі турнирі өтуде. Жарысқа облыс орталығындағы мектептерден жасақталған 32 команда қатысуда. Спорттық бәсеке барысында үздіктер іріктеліп, облыстық спартакиадаға жолдама алатын болады.