Еліміздегі жас патриоттар Түркістан төрінде бас қосты. Қазақстанның түкпір-түкпірінен туған елге деген сүйіспеншілігін ерекше көрсеткен оқушылар “Патриотизм — терең білім мен еңбекқорлықтың негізгі бастауы” lV жас патриоттар форумына қатысты.
Шараның мақсаты: оқушылардың бойындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру, терең білім алуларын қамтамасыз ету.
Төртінші рет ұйымдастырылып отырған айтулы іс шара білімге деген ұмтылыс, еңбекқорлық, патриотизм деп Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жаңа Қазақстанның жастары үшін үш маңызды басымдығы негізінде қолға алынған.
Еліміздің әр өңірінен келген патриот жастар рухани рухты көтеретін концерттік бағдарлама ұсынып, ерекше көңіл күй сыйлады.