Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл соқса бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып қариялар Түркістан облысы, Кентау қаласы Б.Момышұлы атындағы /12 жалпы орта мектебінің өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «1 Қазан — қарттар» күніне арналған, үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек, деп қаламыздың қарттары Есембаева Шарапат және Ершов Юрий анамыз бен атамызды мейрамымен құттықтап талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірген. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым — парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. Себебі, әрқайсыларыңыздың еліміздің өсіп — өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Еліміздің қарттары аман болсын!