Сіздерді ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын жүректен алғыс айта отырып «Ұстаздар күні» мерекесімен құттықтаймын.
Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін.
Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.
Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін!
Ізгі ниетпен, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы Кентау қалалық кәсіподақ комитеті филиалы