Түркістан облысы: Отырар ауданы әкімдігі қарияларды құттықтап, құрметтеді

Өмірден көргені мен зерделі көкірегіне түйгені мол қазыналы қарттарды, абыз ақсақалдарды, жалпы жасы үлкендерді қадірлеп, қастерлеу қанымызға сіңген үлгілі де ізгі дәстүр десек қателеспейміз. Ұлтымыздың бойындағы осы бір озық салт-дәстүріміз үзіліп көрген емес.

Әр жыл сайын Халықаралық қарттар күні ретінде кеңінен аталып өтетін мерекеге биыл да ерекше мән берілді. Аудан әкімінің орынбасары Ержан Оралбай бүгін ғасырға жуық ғибратты ғұмыр сүріп келе жатқан шәуілдірлік қазыналы қария Іңкәрбек Батырбеков пен арыстық Бердалы Сейдуәлиевтің және темірлік ардақты ана Қалдар Қуатбаеваның құтты шаңырақтарында болып, ардагерлерді қастерлі мерекелерімен шын жүректен құттықтап, сый-сияпаттарын тапсырды. Аудан әкімі орынбасарының ыстық ықыласты жылы лебіздеріне көңілдері марқайып қуанған қариялар шынайы алғыстарын айтып, қалың елдің аман-есен бақытты ғұмыр сүре берулеріне тілектестік ниеттерін білдірісіп, ақ баталардың тиегін ағытты.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.