
Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Адами Әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №5 «Мақтаарал» мектеп-гимназиясында өзін — өзі басқару жұмысын жандандыру мақсатында, мұғалімдер күніне орай мектебімізде 4 қазан күні мектебіміздің тәлімгері Ш.Бисенбаеваның ұйымдастыруымен «Дублер күні» өткізілді. Дублер күнінің мақсаты: мектептегі өзін- өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп оқушылары ерекше қызығушылық танытты.
Пән мұғалімдерінің бағыттауымен 11 сыныпта мұғалімдік қызметке бағыт алып отырған оқушылар мен әр түрлі пәндерден олимпиадаларға қатысып жүрген оқушылар өздерінің бейім пәндерінен бір күн мұғалімдерге дублер болды. Осы орайда дублёр оқушылар сабаққа ынта ықыласпен дайындалып, түрлі әдістермен тәжірибелер көрсетіп, төменгі сынып оқушыларын қызықтыра білді. Оқушылар пән мұғалімдері мен қатар мектеп әкімшілігіне де дублер болды. Алдын ала оқушылардың қызметі түсінідірілді. Мектеп қызметкерлері тек бақылап бағыт бағдар беріп отырды. Бір күн дублер бола отырып мектеп өмірінің бір күндік тыныс тіршілігіне араласып оқушыларымыз оң әсер алды.
