
Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейінде мектеп кітапханашысы Нұркелекова Гүлмираның ұйымдастырумен «Отбасыммен бірге кітап оқимын» тақырыбында 5-6 сыныптар арасында отбасылық сайыс өтті. Сайысқа оқушылар ата-аналарымен қатысты. Оқушылар өте белсенділікпен қатысып, өздерінің білімдерін көрсете білді.Сайыста оқушылар Б.Соқпақбаев, Әбу–Насыр әл-Фараби, З.Телеуова және С.Досжанның шығармаларынан өз қолдарымен кітап жасап кітапханаға сыйға тартты. «Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қызы» деген, мақтан етер ұрпағымыз көбейе берсін.
