МАҚТААРАЛ: «ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2022» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы 2022 жылғы 9 тамыздағы №355 бұйрығына сәйкес «Үздік педагог» атағын беру республикалық конкурсының аудандық кезеңі өз мәресіне жетті.

Мақтаарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру мекемелерінен аудандық конкурсқа 45 мұғалім қатысуға өтініш білдіріп, олардың арасынан 12 педагог қана электронды құжаттарын байқау ережесіне сай тіркеді. Электронды тіркелген 12 ұстаздың https://teachercontest.iac.kz/ порталындағы электронды құжаттарын «Үздік педагог» облыстық, республикалық байқауларының жеңімпаздарынан, педагог-шебер, педагог-зерттеуші санаттағы ұстаздардан құралған сарапшылар алқасы бағалады. Бағалау жеке логин, пароль арқылы жүргізілді.

Нәтижесінде 5 мұғалімнің іс құжаттары жоғары ұпай жинап, конкурстың облыстық кезеңіне жолдама алды.

1. Сериков Мухит Алмаханбетович Ы.Алтынсарин атындағы ЖОМ

2. Бекжанова Ақерке Аманбаевна «Нұрлы жол» ЖОМ

3. Тумабаева Жанар Досымхановна «Болашақ» ЖОМ

4. Айнабекова Жанат Сапарбаевна М.Ғабдуллин атындағы ЖОМ

5. Осимова Бигайша Уналбековна С.Датұлы атындағы ЖОМ

Ауданымыздың ұстаздарына Республикалық байқаудың облыстық іріктеу кезеңінде ҮЗДІКТЕР қатарынан көрінуіне тілектеспіз!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.