—Елдің ертеңі жастардың қолында. Ал мемлекеттің жарқын болуы жастардың білімді болуымен тікелей байланысты. Бүгінде ұлттық құндылықты, тәрбие мен білімді, салт пен дәстүрді жастардың бойына сіңіру негізгі бағытқа айналды. Осы орайда, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастаруымен №29 А.Тұякбаев жалпы орта мектебінде Атадан қалған асыл сөз тақырыбында жастармен кездесу өтті. Кездесуге еңбек ардагері Дүйсебаев Жасузак Тілеубердиевич арнайы келді.
—Кездесуде жастардың отбасындағы құндылықтарды сақтай отырып, өзін өзі жетілдіруі, көшбасшылық қасиетті арттыру, кез-келген ортада өз ойын ашық жеткізу, өз бойындағы кемшіліктерімен күресу арқылы жетістікке жетудің маңызды жолдары туралы кеңінен тоқталды.
—Кездесу соңында сұрақ жауаппен пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.