
Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Н.Бекежанов атындағы № 13 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Мақтаарал ауданы әкімдігінің ішкі істер саясаты бөлімінің маманы Алимжан Н. мырза «Жасөспірімдер мен жастар арасында теріс ағымдардың ықпалын алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізді. 8-11 сынып оқушыларына 2022-2023 оқу жылында оқушылардың сабаққа қатысуы, теріс ағымдағы діни ұйымдар туралы, жасөспірімдер арасындағы жаман әрекеттерге бой алдырмаушылық және ағымдағы мәселелер туралы түсіндіріп өтті.