АРЫС: ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Түркістан облысы, Арыс қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты Б.Онтаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 8-11 сынып оқушылар арасында зорлық-зомбылық бойынша және құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша, кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен ұрлықты болдырмау оның алдын алу, жасөспірімдер арасында әлімжеттік пен бопсалаудың алды алу бойынша түсіндерме жұмыстарын жүргізу мақсатында Арыс қаласы ІІБ-НІҢ АПБ-ңЖПҚ КТІЖ УПИ-ң полиция аға лейтенанты А.Жәнібек арнайы келіп жиналыс өткізді. Жиынды мектеп директоры Н.Адамбеков ашып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Арыстанов баяндама оқып кетті. Оқушыларға жан-жақты түсіндірілді.

Мақсаты. Оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды дарыту, құқықбұзушылықтың алдын алу.

Бүгінде кәмелет жасына жетпей жатып қылмысқа баратындардың саны артқаны байқалады. Мұндай оқиғалардың көпшілігінің бастауында әлімжеттік тұратыны да анықталған. Көбіне бір-біріне күш көрсету оқу-білімсіз жүрген, айналысатын ісі жоқ жасөспірімдердің арасында орын алады деп жатамыз. Бірақ қазіргі таңда түрлі деңгейдегі білім ошақтарының өзінде мұндай оқиғалардың жиілеп кеткендігі алаңдатып отырған жайы бар.

Көрсеқызарлық бойжеткен қыздарды да ұрлық-қарлыққа итермелеуде Жеткіншек жастардың бұзақылыққа көп баруына ұялы телефонның бүгінгі қоғамда кең қолданысқа ие болуы да түрткі екендігін айтуға тиіспіз. Өзгенің қолындағыдай жылтыраған бұйымды иеленуге деген құштарлықтың арты қылмысқа апарып соқтыруда. Ер балалардың күш қолдану арқылы бір-бірінің затын тартып алатыны жиі кездесетін құбылысқа айналды. Ал, мұндайды қылықты қыз балалардың бойынан көргенде ұлтымыздың ұяты қалай қарай беталды деп ой тұжырымдаймыз.

Тізе берсек, жас өскіндердің қатысуымен болған қылмыстар шаш-етектен. Тіпті, бұғанасы бекімеген жас буынның арасында есірткіге елітетіндер де жоқ емес. Бір ғана Астана қаласы бойынша кәмелеттік жасқа толмаған 71 бала тіркеуде тұрғанын ескерсек, еліміз бойынша бұл цифрдың қаншаға жететінін ойлаудың өзі қиын. Иә, балалық шағында-ақ, қылмыстың «дәмін татқан» жас өскіндерімізді дұрыс жолға бейімдеудің жолы қайсы? Мұндай жасөспірімдерді дұрыс жолға бағыттау үшін баланың қандай іспен шұғылдануға бейім екендігін анықтап, сол іс бойынша еңбектенуге баулыған жөн. Бұл тұрғыда әрбір жастың жеке тұлға екендігін ескере отырып, бұл тұрғыда олардың пікірімен санасу да аса маңызды. Әлбетте, перзенттерінің өмірдегі өз орнын табуына алдымен ата-анасы барынша көмек қолын созуы керек. Бұл жолда ешбір ата-ана аянып қалмасы анық. Өйткені ұл-қызын жамандыққа кім қияды? Әйтсе де, қылмысқа барған жастарды түзеу оңай іс емес. Мұндай қадамға барғандардың арасында дұрыс жөн сілтеген жанның сөзіне құлақ аса қоятындары некен-саяқ. Олардың арасында бірен-сараны ғана дұрыс бағытта өмір сүруге саналы түрде қадам басуы мүмкін. Әйтпесе, қалғандары бір жасаған ісін қайталауға құмбыл. Жастар арасындағы қылмыстың негізгі себебі – оларды кішкентай күнінен тәрбиелеу кезінде жіберіп алған қателіктер болуы мүмкін. Сол себептен де әрбір отбасы бала тәрбиесін әу бастан-ақ басты назарда ұстағаны абзал. Қазақта баланы тәрбиелеуге қатысты ұлы Абайдан артық ешкім асырып айтпаған шығар, сірә. Мәселен, Абай өзінің 10-қарасөзінде: «Әуелі өз күнәңді өзің көтергеніңмен тұрмай, балаңның күнәсіне тағы да ортақ боласың. Әуелі балаңды өзің алдайсың: «Әне, оны берем, міне, мұны берем» деп. Басында балаңды алдағаныңа бір мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің? «Боқта!» деп біреуді боқтатып, «кәпір, қияңқы, осыған тимеңдерші!» деп оны мазаттандырып, әбден тентектікке үйретіп қойып, сабаққа бергенде молданың ең арзанын іздеп, хат таныса болады деп, қу, сұм бол деп, «пәленшенің баласы сені сыртыңнан сатып кетеді» деп, тірі жанға сендірмей жат мінез қылып, осы ма берген тәлімің? Осы баладан қайыр күтесің бе?» дейді. Қарап отырсақ, ойланатын жәйт. Өйткені, бұл көпшілігіміздің отбасымызда кезігетін жағдай. Шындығында, әсіресе, «ананы әперші», «мынаны әперші» десе, баланың көңілін қалдырғымыз келмей, оларды өкпелетіп алудан қорқып бар уәдені үйіп-төгіп бере саламыз. Кейіннен сол айтқанымызды орындайтын мүмкіндігіміз болмай қалатыны да жасырын емес. Сол себепті де, «бала ғой» деп көңілін жықпағаннан гөрі, ересектерше ашық сөйлесіп, бәрін түсіндіруге тырысқанымыз әлдеқайда дұрысырақ екен. Біз тілге тиек етіп отырған дүниенің барлығы бір қарағанда қарапайым жайт сияқты көрінетіні де рас. Бірақ балаға жөнді тәрбие беру – болашаққа жарқын жол салу. Бала тәрбиесі – ең өзекті мәселе. Данышпан Абайдың бұл тақырыпқа қайта-қайта оралатыны да сондықтан. Ол өзінің жетінші қарасөзінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі –білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, даусына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген» дейді. Кейде біз балаларымыздың білсем екен деген тұрғыда бірінен соң, бірін жаудырған сауалдарын жауапсыз қалдырып, «ойнай қойшы» дейтін сәттеріміз де кезігеді. Мұның барлығы өз кезегінде бала тәрбиесінде ата-ананың тарапынан байқалмай кетіп жатқан кемшіліктердің қатарын толықтырады екен. Сол себепті де балаларымыздың әрбір сұрағына, бұйымтайына бей-жай қарамай, жібі түзу жауап бергеніміз аса маңызды екенін қаперімізден шығармағанымыз абзал. «Бала тәрбиесі – ананың құрсағынан басталады». Бұл ұстаным ертеңгі күні «Қолымды мезгілінен кеш сермедім…» демес үшін, бала тәрбиесін өсе келе емес, ананың бойына біткеннен бастауға үндейді. Өйткені, бала тәрбиесінде жіберген кішкентай қателігіміз, ертеңгі күні орны толмас өкінішке апарып соқтыруы ғажап емес…

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.