
Түркістан облысы, Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Ы.Алтынсарин» атындағы № 1 мектеп-гимазиясында апталық лездеме өткізілді. Лездемеде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омаров Тұрар, директордың бейімді оқу ісі жөніндегі орынбасары Нарымбетова Мереке «Елбасы медалі» жобасының жүлдегерлеріне, қалалық және облыстық жарыстардың жеңімпаздарына құрмет көрсетілді. Педагог-психологтар Балтабаева Сәуле, Сейтбекова Сәуле оқушыларға буллингтың алдын алу бойынша «Буллинг деген не және одан қалай қорғану керек?» атты тақырыпта түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тренинг өткізді. Үн парақшалар таратты. Мектеп әкімшігі тарапынан мектепішілік ережелерді сақтау, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
