АРЫС: «ҮЛГІЛІ ДӘПТЕР»

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «№2 бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бірлестік жетекшісі А.Садыбаеваның ұйымдастыруымен оқушылардың сауатты, көркем жазуға деген ынтасын арттыру мақсатында «Үлгілі дәптерлер» сайысы өткізілді.

Сайысқа математика, қазақ тілі пәндерінен 1-4 сыныптардың оқушылары қатысты.

Пән мұғалімдері өздері сабақ беретін сыныптардан 2 дәптерден ұсынды. Жеңімпаздарды анықтау үшін арнайы комиссия мүшелері құрылып, пән мұғалімдері өткізген дәптерлер сайыс әділқазыларына өткізді. Жеңімпаздар бағалау критерийлері бойынша анықталып, оқушылардың дәптерлері көрмеге қойылды.

Ad Widget

Recommended For You