
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының, «Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты қарасты «№4 бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 03-07 қазан аралығында «Ұстаз деген — Ұлы есім» тақырыбында апталық өткізілді. Аталған апталыққа 2 сыныптар бірлестігі жауапты болып, барлық 2 сыныптар ұстаздарға арналған тақырыптарда ашық тәрбие сағаттарын жоғарғы деңгейде ұйымдастырды. Қатысушылар мектеп ұстаздарына жақсы көңіл — күй мен қуаныш сыйлады.
Оқушылар тәрбие сағаттарына өте белсенді қатысып, ұстаздарына деген сый- құрметі
арта түсті.
