Қ. И. Сәтбаев атындағы республикалық химия олимпиадасының аудандық кезеңі өтті
Түркістан облысы, Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты N28 Мақташы атындағы жалпы орта мектебінде Қ. И. Сәтбаев атындағы республикалық химия олимпиадасының аудандық кезеңі ұйымдастырылды.
Олимпиадаға жалпы орта мектептердің 9-сынып оқушыларынан 41 оқушы бақ сынады.
Сайыс қорытындысы бойынша облысқа келесі оқушылар жолдама алды:
Тұрсынбай Ақсұлу, N39 Л. Жолдасов жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы
Ақботаева Ақнұр, N29 жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы
Утегенова Жаннұр, M13 Т. Бигелдинов жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы
Оқушыларымызға сәттілік тілейміз