ТҮРКІСТАН: ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ БОЙЫНША ӨТКЕН ИГІ ШАРА

​2022 жылғы 13-15 қыркүйек күндері аралығында Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Құндылықтарға негізделген білім беру» тақырыбында әдістемелік десант өтті.

Білім беру ұйымдарында тәрбие мен оқыту үдерісін ұйымдастыруда нормативтік құжаттарды қолдануда педагогтердің білімін арттыру, ақпараттық жұмыстар жүргізу, әдістемелік сүйемелдеу және оқу әдістемесін жетілдіру бойынша оқыту семинарларын ұйымдастыру, кәсіби құзыреттіліктерін арттыру бойынша әдістемелік көмек беру, педагогтардың өз кәсіби құзіреттілігін көтеруге ықыластығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицейі мен А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектептерінің базаларында өткен шараға мектеп директорының оқу ісі жөніндегі және бейіндік оқыту жөніндегі орынбасарлары, мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері, бастауыш сынып, дене шынықтыру, тарих және құқық, қазақ тілі мен әдебиеті, информатика, химия пәнінің мұғалімдері, мектеп психологтары мен мектеп кітапханашылары (жалпы 400-ге жуық педагог) қамтылды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.