
Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінде 10 қазан Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай, НМ9-221, Э9-221 оқу топтарының білім алушыларының қатысуымен стресс пен психикалық күйзелістің алдын алу, жасөспірімдердің позитивті көзқарасын қалыптастыру мақсатында психологиялық тренинг өтті.
Тренингтің міндеттері:
- өмірге құштарлықтарын дамыту;
- оптимистік мінез-құлыққа тәрбиелеу;
- аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу.
Тренинг барысында білім алушылардың өмірге құштарлықтары мен белсенділіктерін арттыруға бағытталған ойындар мен психотехникалық жаттығулар жүргізілді. Білім алушылар адам үшін оның денсаулығы мен өмірі ең басты құндылық екені жайында қорытынды жасап жақсы көңіл-күймен тарқасты.
