![]()
-Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков бүгін ІІ мөлтек ауданындағы, Т.Бокин көшесіндегі екіқабатты тұрғын үй аулаларындағы абаттандыру құрылысын аралап, жұмыс барысын тексерді.
-Аралау барысында аулалардағы заңсыз құрылыстарды бұзу бойынша сала басшысына нақты тапсырмалар беріп, орындалу мерзімін бекітті.
-Бірлік секторындағы сквер, «Отырар» мөлтек ауданындағы желілік саябақ құрылысы мен жарықтандыру жұмысына қатысты бірқатар кемшіліктер айтылып, мердігер мекемеге ескертілді.
-Сонымен қатар, жолдарға тас төсеу мәселесі мен қала аумағындағы тазалық жайы да бақылаудан тыс қалмады.
-Жауапты мамандарға кемшіліктерді жоюға уақыт берілді.
-Нұрбол Әбдісаттарұлы «Қазір әр сәтті тиімді пайдалану керек. Алдымызда жауын-шашын кезеңі бар. Сондықтан уақытпен санасудың қажеті жоқ» деп, тірлікті тиянақтауға барлық күшті жұмылдыру қажеттігін атап өтті.
