ТҮРКІСТАН: “ТУҒАН ЕЛІМНІҢ МЕН ПАТРИОТЫМЫН!” БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында 25 қазан «Республика күніне» орай «Туған елімнің мен патриотымын!» патриоттық әндер байқауы қорытындыланды.

«Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің базасында өтіп жатқан мерекелік шараға облыстағы 27 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қатысты.

Сайыстың басында Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрлыбаев Нұржан Мәдірайұлы сөз бастап, қатысушыларға сәттілік тіледі!

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші 27 қатысушы патриоттық бағытта ән шырқайды. Нәтижесінде үздік деген 13 өнерпаз келесі кезеңге жолдама алады. Екінші кезеңде де “Туған жер” тақырыбы аясында қара өлеңді мәнерлеп оқып сайысқа түседі.

Шараның басты мақсаты: Қоғамда өздерін көрсете алатын және өз еліне пайдалы бола алатын. Жаңа Қазақстанның патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы– патриот тәрбиелеу.

Талантты талапкерлердің талабын арнайы әліл-қазы алқалары бағалайды! Жоба жеңімпаздары марапатталып, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Түркістан облыстық кәсіподақ комитеті арнайы ынталандыру сыйлығын ұсынады.

Әр колледжден келген 13 талантты талапкер ІІ – ші кезеңі жолдама алып өзінің туындысы немесе басқа да шығармашылық өлең шумақтарын оқыды. Нәтижесінде, «Туған елімнің мен патриотымын!» тақырыбында патриоттық әндер байқауында І орынды иеленген — «Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорының студенті Жолдас Ержан Бауыржанұлы;

ІІ орын – «Кентау көпсалалы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорының студенті Арыпхан Қуаныш Балтабайұлы;

ІІІ орын – «Түркістан жоғары медициналық колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорының студенті Есімхан Самал Мұратқызы иеленді.

Сонымен қатар, «Ең жас әнші номинациясымен» өзінің өнерін көрсеткен «Арнаулы кәсіптік колледжінің» студенті Ергеш Айша Иртиярқызы орын алған. Ал, «Көрермен көзайымы» номанациясын алған «Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінің» студенті Рамазан Азамат Халилуллаұлы орын алған.

Сондай-ақ, патриоттық ән байқауына үздік өнер көрсеткендері үшін бірқатары «Алғыс хат» алды.

Жеңімпаздардың бәріне ынталандыру сыйлығы табысталды. Барлық өнерпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!!!

Ad Widget

Recommended For You