
Сайлауға Түркістан қаласы бойынша 31 мектептен 31 президент бақ сынасуда.
Басты талаптар: мектеп президенті болуы, оқу үлгерімі жақсы, үш тілді меңгерген, тәртіптік жазалардың болмаған, 9-10-11 сынып оқушылары қатыса алады.
Сайлау келесі кезеңдерден тұрады:
- Бейнеролик (1 минуттық бейнероликте әр үміткер өзін таныстырады. Бейнеролик Оқушылар сарайының инстаграмм және фейсбук парақшасында жарияланады. Бейнероликтің қаралымы және лайк саны дауыс беру кезеңіне әсерін тигізеді)
- Эссе (17.10.2022ж. сағат 15:00-де Түркістан Оқушылар сарайында үміткерлер эссе жазады. Эссе нәтижесінде келесі кезеңге 20 үміткер өтеді)
- Интеллектуалды викторина (20.- 21.10.2022ж. сағат 18:00-де «Алатау» медиа орталығында тікелей эфирде өтеді. Жеребе арқылы әр айналымға 5 үміткерден қатысады. Әр айналымнан 1 үміткер жеңімпаз атанады. Келесі кезеңге 4 үміткер өтеді);
- Пікірталас сайысы (25.10.2022ж. сағат 15:00-де жеңімпаз 4 үміткер берілген тақырыпқа сай Оқушылар сарайының концерт залында жоба қорғайды)
- Жасырын дауыс беру (28.10.2022ж. Оқушылар сарайында сайлау өтеді)
- Қорытынды (31.10.2022ж. 15:00-де жеңімпазды марапаттау гала- концерті өтеді)
Жеңімпаз Оқушылар сарайы және «Аманат» партиясының бір жылдық стипендиясы иегері атанады
