ТҮРКІСТАН: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ!

Бүгін Республика күніне орай «Ұлы Дала Елі» орталығында «Тәуелсіздік – тұғырым» атты әдеби кеш өтті.

Шара барысында Түркістан қаласының мектеп оқушыларына жаугершілік заманда еліне қорған, халқына пана болған батырлардың бірі, тәуелсіздік жолында күрескен тарихи тұлға – Қаракерей Қабанбайдың өмірі мен қазақ халқының қамы үшін жасаған ерлік істері насихатталды.

– Біздер үшін қайталанбас тәлімдік тәрбие беретін, халқымыздың бай мұрасы болған бұл тарихи тұлғаларды ардақтаймыз, мақтан етеміз, бас иеміз! Тәуелсіздік – біздің бағымыз, қалай жырласақ та, шырқасақ та жарасады. Еліміздің шаңырағы биік, уығы берік, керегесі кең болғай! – дейді ұйымдастырушылар.

Республика күні биыл кеңінен аталып өтуде. Бұл мерекеге ұлттық сипат беруді Мемлекет басшысы Ұлытауда ұсынған еді. Қыркүйек айының соңында Президент Жарлыққа қол қойған болатын.

Ad Widget

Recommended For You