«Театр — адамгершілік пен рухани құндылыққа апаратын жол»
Түркістан облысы, Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлім басшысының м.а Кайрат Әбдірахымұлының бекіткен жылдық жоспарына сәйкес, #61 С.Базарбаев атындағы негізгі орта мектебінде аудандық тәжірбиелік семинар өтті.
Биылғы Ы.Алтынсарин атындағы ҰҒА-ның әдістемелік нұсқаулығындағы театрлық қойылымдар жобасын жүзеге асыруды мақсат тұтқан бұл семинар оқушылардың шығармашылығын дамытумен қатар, жас ұрпақты елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, баланың сөйлеу мәнерін жақсарта отырып, көпшілік алдында өзін еркін ұстай білу, жан-жақты дамуына ықпал ету.
Семинарда Астанова Сабо 8б сыныбында «Семья — маленькая страна» тақырыбымен тәрбие сағатын, Низамова Умида 5д сыныбында «Соғтанда — соғлом ақл», Зафар Нишанов «Қарттарым — асыл қазынам» 8г сыныбында, Молдабекова Жанна «Ахмет Байтұрсынұлы — адамдық пен білім диқаншысы» атауымен 5 а сыныбында,Темірбаева Баршагүл «Тетрландырылған ойын әрекеттері арқылы кітап оқуға құштарлықты ояту» 4а, 7ә сыныбымен тәрбие сағаттарын және мектеп психологтары Глухова Дарья, Сайдикаримова Эльмира және әлеуметтік педагог Байбахова Камила «Театр — как одна из наиболее наглядных форм отражения жизни» атты тренинг өтті.
Семинардың 2-ші бөлімінде «Ертегі кейіпкерлерінің қолөнер идеялары» тақырыбында көрме А.Бахтыбаева, үйірмелер бойынша «Қуыршақтар әлемі» көрмесі, «Шалқан» ертегісі бойынша қойылым ҚББП Жадыра Нурмаханбетова, ұйымдастырушы Баян Аханова, «Менің сүйікті кейіпкерім» сурет салу, «Ертегілер еліне саяхат» атты суреттер көрмесін Декханова Шахло ұйымдастырды.
Сондай-ақ, «Перечитывая классиков» Сайдиганиева Гульназа 4а, 7б сынып, 9а сыныбымен Жаппашева Эльмира, Шукашева Ақжарқынның 9а сыныбымен Б.Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа» шығармасынан сахналық қойылым көрсетілді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кыдырбаева Сапарира «Театр қызметінің тәрбиелік және оқыту мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасады.
Тәжірбиелік семинар аталған мектептің өнерпаз оқушыларының орындауымен концерттік бағдарламаға ұласты.
Семинардың қорытынды бөлімінде аудан мектептерінен жиналған ұстаздар кері байланыс жасап, өткізілген тәрбие сағаттарына ұсыныс-пікірлерін білдірді. Және де осы іс шараға жетекшілік жасаған әдіскер К.Мусаева хаттамаға үздік сабақ беріп, белсене қатысқан аталмыш мектеп директоры Гульжан Бермахамбетқызына, мектеп ұжымы мен оқушыларына алғыс хат жариялау ұсыныс ретінде енгізілді.
Семинардың негізгі бөлімінде «Театр және шығармашыл бала» атты жоба барлық мектептерде үйірме ретінде ашылып, жыл бойы жұмыс жүргізу күн тәртібінде ерекше аталып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына тапсырмалар мен әдістемелік бағыт бағдар берілді.