ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛА!» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Кітап пайда болған кезеңнен бастап адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығына айналды. Әлішер Науайы «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» деп бағаласа, Денри Дидро «Адамдар кітап оқуын қойса, ойлауын да қояды» деп ой түйді. Орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой өз кезегінде «Жақсы кітап оқу – ақылды адаммен сырласқанмен бірдей» деп пікір қалдырды. Ал дала данышпаны Абай атамыз «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп, алдыңғы айтылғандардың барлығын шегелегендей әсер қалдырады.

Кітап демекші, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапханаға кітап сыйла!» бірайлық облыстық қайырымдылық акциясын ұйымдастыруды шешкен еді. Мектептердің кітап қорын заманауи басылымдармен толықтыру мақсатында өтіп жатқан акциядан Төлеби ауданындағы мектептер де шет қалмауда. Мұның бір дәлелі деп Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Момынай жалпы орта мектебінде ұйымдастырылған тартымды іс-шараны айтуымызға болады.

Акция аясында қамқоршылық кеңесінің мүшелері, бірқатар ұстаздар мектеп кітапханасына қызықты кітаптар сыйлады. Сол үшін оларға алғыс айтамын. Акция шеңберінде кітапханамызға 2000 жылдан бастап жарық көрген, жақсы жағдайда сақталған, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі ғылыми, тарихи кітаптар, көркем және балалар әдебиеті тақырыптарындағы заманауи әдебиеттер қабылдануда, – дейді Момынай жалпы орта мектебінің кітапханашысы Жаңыл Шымыралиева.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.