Эльмира БЕЙСЕНОВА, Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы: «Түркістан қаласында еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету бағытында айқын мақсатпен нәтижелі істер атқарылып жатыр»

Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы көшбасшылықты қамтамасыз ететін мемлекеттік орган екені белгілі. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ тиісті Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Аталмыш мемлекеттік мекеменің негізгі міндеті — жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету және азаматтық хал актілерін тіркеу. Осы орайда біз Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2022 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша бөлім басшысы Эльмира Тұңғышбайқызы Бейсеновамен (суретте) әңгімелескен болатынбыз.

– Эльмира Тұңғышбайқызы, әуелі Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысы, мұрат-мақсаты хақында кеңірек айтып өтсеңіз.

– Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясаты 5 (бес) бағытта жүргізіледі. Атап айтқанда, олар мыналар:

— еңбек қатынастарын үйлестіру;

— аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау;

— мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау;

— Азаматтық хал-актілерін тіркеу;

— Арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту.

Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тізіміліне сәйкес мемлекеттік қызметтің 22 түрі көрсетіліп, қызмет өз мерзімінде орындалып жатыр. Нақтырақ айтсақ:

Азаматтық хал актілерін көрсету секторында – 9 қызмет;

Жұмыспен қамту және жекелеген санатта ғы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету секторында – 8 қызмет;

Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтару – 1 қызмет;

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету секторында – 3 қызмет;

Еңбек қатынастарын үйлестіру бойынша 1 қызмет көрсетіледі.

2022 жылдың 9 айында ұзын-ырғасы 17 мың 386 мемлекеттік қызмет көрсетіліп отыр. Жіліктеп айтсақ, тікелей бөлім арқылы – 1316, ХҚКО арқылы – 9225, электронды үкіметтің порталы арқылы 6845 қызмет көрсетілген.

Оның ішінде:

—  Азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша – 10560 қызмет;

— Аз қамтамасыз етілген отбасыларын әлеуметтік көмек көрсету саласы бойынша – 2874 қызмет;

— жекелеген санаттағы азаматтарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету саласы бойынша – 3198 қызмет;

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету секторында – 285 қызмет;

Еңбек қатынастарын үйлестіру бойынша 3343 қызмет көрсетілгенін атап өткен жөн.

– Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша Түркістан қаласында анау айтқандай түйткілдер жоқ деп ойлаймыз. Бұл ретте қандай іс тындырылып жатыр?

– 2022 жылдың басынан бері 9 айдың қорытындысына сүйенсек, 3 727 отбасыға (20 мың 530 адам) 1 144 863,0 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалып, төлем жасалынған. Нақты сандарды сөйлетер болсақ, ол былайша өрбиді:

2022 жылдың 1 тоқсанында 2 371 отбасыға (13 074 адам) 392 520,0 мың теңге тағайындалған. Кедейлік шегі – 26 147,1 теңге;

2022 жылдың 2 тоқсанында 3 201 отбасыға (17 584 адам) 332 156,0 мың теңге  тағайындалған. Кедейлік шегі – 26 922,0 теңге;

2022 жылдың 3 тоқсанында 2 505 отбасыға (13 965 адам) 420 188,0 мың теңге тағайындалған. Кедейлік шегі – 28 470,4 теңге;

Осы мен тілге тиек етіп отырған мәліметтерден байқасаңыз, әр тоқсан сайын кедейшілік шегі көтерілуіне байланысты өтініш берушілер саны артып отырған.

Жалпы, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек дегеніміз не? Мүмкіндікті пайдалана отырып «ANYQ.KZ» ақпарат агенттігі арқылы тереңірек мағлұмат беріп өтсем. Бұл — шартсыз және шартты ақшалай көмек түрінде облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға  мемлекет тарапынан ақшалай нысандағы төлем.

Шартсыз ақшалай көмек келесі тұлғаларға көрсетіледі: 

1) Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларына қатысуға мүмкіндіктері шектеулі жалғыз басты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға төмендегі себептер бойынша:

  • зейнеткерлік жасқа толуына;
  • бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне;
  • екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты.

2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе барлық еңбекке жарамды отбасы мүшелері бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын және (немесе) екі айдан астам уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар және (немесе) келесілерге күтім жасауды жүзеге асыратын аз қамтылған отбасыларға:

  • үш жасқа дейінгі балаға;
  • мүгедек балаға;
  • бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке;
  • қарттар;
  • бөгде адамның күтімі және көмегіне мұқтаж.

Жалғыз басты және/немесе жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға, сондай-ақ құрамында еңбекке жарамды мүшесі (мүшелері) бар аз қамтылған отбасыларға, оның ішінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.

Кімге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады?

ҚР-да атаулы әлеуметтік көмекті жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын келесі санаттағы тұлғалар ала алады:

  • ҚР азаматтары;
  • оралмандар;
  • босқындар;
  • шетелдіктер;
  • ҚР-да тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар.

Кедейлік шегі — бұл атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін критерий ретінде белгіленетін бір адамның ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті табыстардың шегі.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі және кедейлік шегі деген не? Атаулы әлеуметтік көмек әрбір отбасы мүшесінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-інен төмен адамдарға тағайындалады: бұл мән (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-і) «кедейлік шегі» деп аталады. 2021 жылы Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 302 теңге болса, 2022 жылы ол 36 018 теңгені құрайды. Сондықтан кедейлік шегі 2021 жылы 24 011 теңге болса, 2022 жылы бір адамға айына 25 212 теңге төленеді.

Егер 2022 жылы отбасы табысы бір адамға шаққанда айына 25 212 теңгеден аз болса, онда мұндай отбасы осы отбасының барлық мүшесі үшін атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш бере алады. Отбасының орташа табысын есептеу кезінде мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы есепке алынбайды.

Кім әлеуметтік атаулы көмек ала алмайды?

ҚР «Мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек туралы» заңына сәйкес төмендегілердің әлеуметтік атаулы көмек алуға құқығы жоқ:

  • табысы аз болып табылмайтын адамдарға (отбасыларға);
  • еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап 6 ай бойы;
  • алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы 6 ай бойы;
  • атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) – оларды ұсынған күннен бастап 6 ай бойы;
  • материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.

Атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз ақшалай көмек түрінде тағайындалады. Шартты ақшалай көмек отбасында еңбекке жарамды адам болған жағдайда тағайындалады.

Алты ай ішінде жұмысқа тұрудан бас тартқан жағдайда барлық отбасы мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек беру тоқтатылады. Ол тұрмысы төмен отбасыға жатпайтын, көрінеу жалған ақпарат берген адамдарға, учаскелік комиссияға сәйкес атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж емес адамдарға тағайындалмайды.

Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері қанша?

«Мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек туралы» заңына сәйкес бір адамға немесе отбасына атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін отбасының әрбір мүшесі есебінен орташа жан басына шаққандағы табыс және облыстарда белгіліенген кедейлік шегі арасындағы айырмасы түрінде уәкілетті орган есептейді. Отбасының құрамы және табыстар өзгерген жағдайда тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қайтадан есептеледі. Ал өтініш беруші 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін өзгерту үшін негіз болуы мүмкін мән-жайлар туралы хабарлауға міндетті.

Атаулы әлеуметтік көмек көлемін әр адамға қатысты жеке есептейді. АӘК мөлшері кедейлік шегі мен отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы арасындағы айырмашылықты құрайды, яғни 25 212 теңгеден отбасының бір адамға шаққандағы орташа табысын шегеру қажет. Кейде отбасының әрбір мүшесіне 1000 теңге немесе 20 теңге, тіпті 1 теңге атаулы әлееуметтік көмек тиесілі болуы мүмкін.

Жан басына шаққандағы орташа табыс қалай есептеледі?

Атаулы әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлғаның жиынтық табысын анықтау атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде ұсынылатын құжаттардың және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің негізінде жүргізіледі.

Отбасының жиынтық табысына белгіленген уақыт кезеңі ішінде ақшалай немесе заттай нысанда алынған тұрғын үй көмегі мен атаулы әлеуметтік көмегінен, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді іс-шараларына қатысу шеңберінде мемлекеттік қолдау іс-шараларынан басқа табыстың барлық түрлері қосылады. Әкімдіктер өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып келесілерді кіріс бермейді деп айқындауға құқылы: үй малы, құсы, жер учаскесі.

Жан басына шаққандағы орташа табыс әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтінішті берген тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі.

Менің ойымша, тіпті айына 1 теңге төленсе де, не себепті атаулы әлеуметтік көмектен бас тартпау керек. Неліктен? Егер отбасы аз да болса атаулы әлеуметтік көмек алса, онда бұл отбасының балалары үшін Еңбек министрлігінен (егер балалар 1-6 жас аралығында болса) немесе Оқу-ағарту министрлігінен (6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін) көмек беріледі.

АӘК алатын отбасындағы 1-6 жас аралығындағы балаларға не тиесілі?

Мұндай балаларға ай сайын азық-түлік және гигиеналық заттар жинағы беріледі. Онымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдары қамтамасыз етуге тиіс.

1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы азық-түлік жинағына мыналар кіреді:

  • жеміс және (немесе) көкөніс гипоаллергенді езбесі – кемінде 1200 грамм;
  • балаларға арналған гипоаллергенді сәбилер ботқасы – кемінде 320 грамм;
  • қаптамадағы жүгері жармасы – кемінде 400 грамм;
  • қаптамадағы сұлы қауыздары – кемінде 800 грамм;
  • балаларға арналған печенье – кемінде 180 грамм;
  • пастерленген немесе ультрапастерленген сүт – кемінде екі литр.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы азық-түлік жинағына мыналар кіреді:

  • пастерленген сүт – кемінде екі литр;
  • қатты бидайдан дайындалған макарон, сұлы қауыздары, арпа жармасы, шағылған асбұршақ – барлығы кемінде 800 грамм;
  • ұнтақ жармасы – кемінде 700 грамм;
  • қарақұмық немесе күріш жармасы – кемінде 1,6 кг;
  • күнбағыс майы – кемінде 0,8 литр;
  • гематоген – кемінде 240 грамм;
  • құрамында бүтін астық дақылдар бар таңғы асқа арналған сүтке қосатын тағам – кемінде 250 грамм;
  • балаларға арналған печенье – кемінде 400 грамм;
  • таза бал – кемінде 200 грамм.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған тұрмыстық химия құралдарының ай сайынғы жинағына тіс пастасы, тіс щеткасы, гипоаллергенді сабын, сусабын, жақпамай, кір сабын және кір жуғыш ұнтақ кіреді.

АӘК алатын отбасындағы 6-18 жас аралығындағы балаларға не тиесілі?

Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасындағы 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік және тұрмыстық химия жинақтары берілмейді. Бірақ Оқу-ағарту министрлігінің басқармалары мен бөлімдері оларды мектепке қажетті барлық жабдықпен қамтамасыз етеді.

Біріншіден, бұл балалар мектепте күнделікті тегін тамақтануға құқылы болса, екіншіден, олардың қоғамдық көлікте жүру құнының 50 проценті өтеледі.

Сонымен қатар балаларға мектеп формасы және мектепке қажетті құралдар беріледі (жылына бір рет).

Ұл балалар пиджак, желетке, шалбар, жейде немесе водолазка және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі. Қыздарға пиджак, желетке, белдемше немесе сарафан (немесе шалбар), жейде немесе водолазка және аяқ киім беріледі. Бұл жинаққа сондай-ақ спорт костюмі мен спорт аяқ киімі кіреді.

Кеңсе заттарының жинағына рюкзак, сонымен қатар дәптер, қаламсауыт, қарындаш, қаламсап, сызғыш, өшіргіш, жоғары сыныпта оқитындарға – циркуль, ал төменгі сыныптағыларға сурет салуға арналған альбом мен бояу кіреді.

АӘК қашан беріледі?

АӘК өтініш берген күнге қарамастан азамат жүгінген күннен бастап тағайындалады. Мысалы, егер өтініш 20 қаңтарда немесе айдың соңғы күнінде жолданса, онда төлем бүкіл айға толық төленеді.

Атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалу сатылары жөнінде де тоқталып өтіңізші.

– Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы беру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

  • Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш беру үшін EGOV kz порталы арқылы немесе халықтық кеңсеге барып электронды цифрлы қолтаңба кілтімен (ЭЦП кілт) өтініш береді. Бұл ретте өзімен бірге жеке басын растайтын құжатын, балаларының туу туралы куәліктерін, өтініш берушінің шот номерін және қажет болған жағдайда жұмыс орны бойынша растама құжаттары қажет.

2) Өтініштер бір күн ішінде жұмыспен қамту орталығына түсіп, учаскелік комиссия төрағасына жолданады және комиссия 7 жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мұқтаж немесе мұқтаж еместігін анықтап, комиссия қорытындысымен жұмыспен қамту орталығына ұсынады.

3) Орталық бір күн ішінде шешім жобасын қабылдап, уәкілетті органға құжаттарды хатпен жолдайды.

4) Уәкілетті орган 3 жұмыс күні ішінде тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту және құжаттарды қайта қарауға жіберу туралы шешім қабылдайды.

Құжаттарды қайта қарауға мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салу қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесіне жазбаша хабардар етіледі, сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік 30 күннен артық емес күнге дейін ұзартылады.

5) Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғаннан  шешімі негізінде уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде қазынашылық органдарына төлеуге шешім қабылдаған айдан кейінгі айдың 5-күніне қарай ай сайын тағайындалған сомаларды төлем ведомосына енгізуді қамтамасыз етеді.

6) Атаулы әлеуметтік көмекті төлеу ай сайын атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай жүзеге асырылады.

– Түркістан қаласындағы кепілдендірілген әлеуметтік топтама (КӘТ) бойынша қандай төлем жасалды?

– Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға арнап мемлекет қосымша табысы аз отбасындағы балаларға кепілді әлеуметтік топтама беріп отыр. Кепілдендірілген әлеуметтік пакет табысы аз отбасылардағы балаларға көмек мақсатында енгізіліп отыр. Әлеуметтік пакет құрамына не кіреді? Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттің екі түрі бар, олар баланың жасына байланысты. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін азық-түлік тауарлары мен тұрмыстық химия тауарлары қарастырылған. Азық-түлік тауарлары түрлі жарма, пюре, шырын, сүт және т.б. қамтиды. Бұл азық-түлік өнімдерін Денсаулық сақтау министрлігі балалардың ағзасына темір мен басқа да дәрумендердің, минералдардың жетіспеушілігін ескере отырып, ұсынған болатын. Азық-түлік жиынтығымен балалар ай сайын қамтамасыз етіліп отыр. Тіс пастасын, балаға арналған щетка, кір жуатын ұнтақ, сабын сияқты тұрмыстық химия тауарлары тоқсанына бір рет ұсынылады.

Кепілдендірілген әлеуметтік топтама (КӘТ) бойынша 2022 жылдың басынан бері 9 айдың қорытындысында Түркістан қаласында 3 986 балаға 204 339,0 мың теңгеге КӘТ тағайындалып, төлем жасалынған. Таратып айтсақ,

2022 жылдың 1 тоқсанына 3 477 балаға (1-3/ 1605; 3-6/1872; 1-6/3477) 27 930,0 мың теңге тағайындалған.

2022 жылдың 2 тоқсанына 3 371 балаға (1-3/ 1644; 3-6/1727; 1-6/3371) 100 549,0 мың теңге тағайындалған.

2022 жылдың 3 тоқсанына 3 927 балаға (1-3/ 1853; 3-6/1945; 1-6/3798)   85 346,3 мың теңге тағайындалған.

Сөздің орайы келгенде, демеушілер есебінен көрсетілген әлеуметтік көмек бойынша да айта өтейін. 2022 жылдың басынан бері 9 айдың қорытындысына сәйкес 1085 отбасыға демеушілер тарапынан әлеуметтік көмек көрсетілген. Бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 228 отбасыға, секторлардың ұйымдастыруымен 857 отбасыға, дәлірек тарқатсақ, Отырар м/а — 195 адам; Бекзат м/а — 150 адам; Шавгар м/а — 130 адам; Сауран м/а — 189 адам; Яссы м/а — 106 адам; Бірлік м/а 87 адамға әлеуметтік тұрғыда қол ұшын создық. Осы ретте демеушілер есебінен 1 281 балаға киім-кешек берілгенін де атап өткен лазым.

– Мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлініп жатқанын білеміз. Түркістан облысының орталығындағы ахуал қандай?

– Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларының тиімді жүйесін құру мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар бар. Оның мақсаты Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялауға байланысты Қазақстан Республикасы қабылдаған міндеттемелерді іске асыру және Қазақстанның 2030 жылға дейінгі әлеуметтік жаңғыруы шеңберінде барлық осал топтар үшін қолайлы орта құру арқылы инклюзивті қоғам қалыптастыру болып табылады. Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция нормаларының ережелерін имплементациялауға жағдай жасауға бағытталған Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) үш кезеңде іске асыру аяқталды. Іс-шаралар жоспарының негізгі мақсаттары мен міндеттері орындалды. Мүгедектігі бар адамдардың өзін-өзі көрсетуі және елдің қоғамдық-экономикалық өміріне толыққанды интеграциялануы үшін жағдай жасауда негізгі басымдықтарды және кешенді интеграцияланған тәсілді айқындау үшін осы Ұлттық жоспар әзірленді. Заманауи жаһандық парадигма денсаулықтың шектеулі мүмкіндіктерін дәстүрлі түсінуден тұрмыс сапасы аспектісінде жеке ерекшеліктер мен әмбебап құқықтардың анағұрлым күрделі синтезіне көшуге негізделеді. Ұлттық жоспар мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесінің әлемдік даму үрдістерін ескере отырып, халықаралық стандарттарды имплементациялауға бағытталған. Ұлттық жоспарда белгіленген мақсаттар мен міндеттерді осы Ұлттық жоспарға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарына сәйкес іске асыру көзделеді.

Ұлттық жоспардың мақсаты – мүгедектігі бар адамдардың тұрмысын жақсарту жолында жұмылдырылған барлық тараптың үйлестірілген іс-қимылдарының стратегиясын, құрамын және дәйектілігін тұжырымдау.

Мыналар:

1) мүгедектіктің профилактикасы және алдын алу;

2) әлеуметтік оңалту және абилитация;

3) кешенді қолжетімділік және кедергісіз орта;

4) білімге қолжетімділік;

5) мүгедектігі бар адамдардың экономикалық дербестігі және сапалы жұмыспен қамтылуы;

      6) әлеуметтік қызметтер;

      7) қоғамдық сананы жаңғырту негізгі бағыттар болып табылады.

Қазақстан Республикасында ұлттық деңгейдегі стратегиялық міндеттерді іске асырудың табысты тәжірибесі негізінде, сондай-ақ халықаралық озық тәжірибеге сүйене отырып, қызметтің барлық бағыттары бойынша интеграцияланған тәсілді іске асыру шеңберінде ғана Ұлттық жоспардың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге болады.

Ұлттық жоспарды іске асыру:

1) мүгедектіктің профилактикасы бойынша нақты шаралар жүргізу жолымен бастапқы мүгедектікті төмендетуді;

2) білімге қолжетімділікті және білім берудің барлық деңгейлерінде (мектепке дейінгі, жалпы орта, жоғары) ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға білім беру сапасын арттыруды;

3) еңбек нарығында мүгедектігі бар адамдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды және сапалы жұмыспен қамтуды;

4) тыныс-тіршіліктің барлық салаларында толық кедергісіз орта құру жолымен әлеуметтенуді және қоғамға толық интеграциялануды;

5) өмірде қиын жағдайда жүрген азаматтардың қажеттіліктерін саралауды ескере отырып, сапалы әлеуметтік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен атаулылығын;

6) үздіксіз кәсіптік білім беру және біліктілікті бағалаудың тәуелсіз жүйесі негізінде кәсіби кадр құрамын қалыптастыруды;

7) азаматтардың әлеуметтік мұқтаждықтарын ескере отырып, қызметтер көрсетудің сапалы нәтижесіне бағдарланған шығындарды басқару жүйесін енгізуді;

8) әлеуметтік қызмет көрсетудің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы қажеттіліктер мен шығындарды тұрақты және жан-жақты талдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 Елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуы мақсатында халық денсаулығын нығайту үшін шаралар қабылдануда. Сырқаттанушылықтың алдын алуда профилактикалық іс-шаралар ерекше рөл атқарады.

Қазақстан халқының мүгедектік алу деңгейін төмендету мақсатында тиімді алдын алу, диагностика және ерте араласу жөнінде шаралар қабылданатын болады. Ол үшін:

1) профилактика мақсатында сырқаттанушылық пен мүгедектікті (балалар мен ересектерде) ерте анықтау бойынша шараларды күшейту;

2) мүгедектікті болдырмау үшін созылмалы ауруларды басқару бағдарламасын (бұдан әрі – АББ) кеңейту;

3) ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында медициналық оңалту көмегі желісін кеңейту қажет.

Көрсетілген шараларды іске асыру нәтижесінде мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады:

жүргізілген скринингтік зерттеулердің жалпы санына қатысты ауруды ерте диагностика (скрининг) кезінде анықтау;

2025 жылға қарай 10,0 мың тұрғынға шаққанда алғашқы мүгедектіктің қарқынды көрсеткішіне қол жеткізу – 28 %;

пациенттерді АББ-мен 100 % қамтуға қол жеткізу;

жаңа стандарттар бойынша аккредиттеуден өткен оңалту орталықтары – 100 %.

Мүгедектігі жоқ, табысы төмен егде жастағы адамдарды ассистивті құралдармен (есту аппараттарымен, кресло-арбалармен, жүріс арбаларымен, балдақтармен, коммуникацияның көмекші құралдарымен, протездермен, таблеткаларға арналған органайзерлермен, еске салу құралдарымен және басқа да құралдармен) оларды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне қосу жолымен қамтамасыз ету ұсынылады.

Ассистивті құралдар егде жастағы адамдардың функционалдық мүмкіндіктерін бұрынғы деңгейде ұстап тұруға немесе арттыруға, сол арқылы олардың әл-ауқатына ықпал етуге арналған.

Жалпы мүгедектіктің нозологиялық құрылымында психикасы бұзылған және мінез-құлқы бұзылған мүгедектігі бар адамдар басым.

АББ – бұл денсаулық сақтау шығындарын азайтуға және интеграцияланған көмек арқылы аурудың салдарын болғызбау немесе азайту жолымен созылмалы аурулары бар адамдардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бағдарлама. АББ үйлестірілген медициналық араласулар мен коммуникацияларды қамтиды және жекелеген адамдарға басқа медициналық қызмет көрсетушілермен бірге өз ауруын басқаруға және асқынуларды болғызбауға мүмкіндік береді.

АББ-ны енгізу жұқпалы емес созылмалы аурулардың алдын алу және олармен күрес мәселелерінде, пациенттердің өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін арттыруда, медициналық персоналдың өзара іс-қимылын жақсартуда және ықтимал асқынуларды немесе жай-күйдің ауырлауын болғызбауға бағытталған қолда бар барлық ресурсты пайдалануда елеулі өзгерістер қажеттігінен туындады.

Жүргізіліп жатқан медициналық оңалту қазіргі уақытқа дейін мүгедектіктің алдын алу және оның профилактикасының өзара байланысы белгіленбегенін көрсетеді. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, медициналық оңалту бойынша жоспарланған көрсеткіштер 84 %-ға орындалуда, бұл белгілі бір дәрежеде аудандық (қалалық) ауруханалар жанындағы медициналық оңалтудың стационарлық, амбулаториялық-емханалық бөлімшелер, мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталықтары санының жеткіліксіз болуына байланысты.

Оңалту іс-шаралары тиімділігінің төмен болуы ересектер арасында (9,8 %) да, балалар арасында (0,7 %) да ішінара оңалту көрсеткіштерінен көрінеді.

Осыған байланысты амбулаториялық-емханалық медициналық ұйымдардың базасында қажеттілігі ерекше (тірек-қимыл аппараты бұзылған және т.б.) балаларды оңалту кабинеттерін ашу жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.

Сонымен қатар дәрі-дәрмекпен емдеуді қоспағанда, ауылдық амбулаториялар базасында қажеттілігі ерекше балалар үшін оңалту спектрінің қызметтерін (физиотерапиялық көрсетілетін қызметтер, массаж және т.б.) көрсетудің маңызы зор.

Мүгедектікті анықтау мен белгілеу тәсілдерін қайта қарау мәселесі және мүгедектігі бар адамдарды оңалту мен қолдаудың неғұрлым кешенді тәсілін қамтамасыз ету үшін мүгедектігі бар адамдарды оңалту мен қолдаудың барынша кешенді тәсілін қамтамасыз ету үшін Тыныс-тіршілік пен денсаулықтың қызмет етуінің, шектелуінің халықаралық сыныптауышының (сақтандыру элементтерін енгізу, білім беру, жұмысқа орналастыру) терминологиясын біртіндеп қатар пайдалану мүмкіндігі қаралуда.

Қазақстан бойынша сурдопедагогтердің жетіспеушілігі байқалады. Мысалы, еліміздегі жұмыс істеп тұрған 40 сурдологиялық кабинеттің (19 балалар, 12 ересектер және 9 аралас кабинет) 13 кабинетінде (32,5 %) ғана өздеріне жіберілген пациенттерді тереңдетілген аудиологиялық тексеруге және есту-сөйлеуін оңалтуға қатысатын сурдопедагогтер бар.

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту мен абилитациялаудың кешенді тәсілін іске асыру оларды қоғамға толыққанды интеграциялау үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді, ол мыналарды қамтиды:

1) қажеттілік түрлері бойынша әлеуметтік оңалту стандарттарын әзірлеу және енгізу (тіршілік әрекетінің шектелу түрлеріне байланысты);

2) жеке қажеттіліктер негізінде ОТҚ-мен және әлеуметтік оңалту қызметтерімен қамтамасыз етудің кешенді тәсілін іске асыру;

3) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын енгізу арқылы ОТҚ таңдау құқығын және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету;

4) әлеуметтік оңалту орталықтарының инфрақұрылымын және материалдық-техникалық базасын дамыту.

Әлеуметтік оңалту және абилитациялау тиімділігінің нысаналы индикаторлары:

оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ОТҚ-мен қамтамасыз етілу;

мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің толық спектірін ұсыну.

Әлеуметтік оңалту негізінде қажеттілігі ерекше адамдардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру, олардың тіршілік әрекетінің барлық аспектілеріне толық тартылуын қамтамасыз ету және қосу жатыр. Бұл міндетке елдегі әртүрлі ұйымдар мен мекемелер кешенді оңалту мен абилитациялық қызметтер көрсеткен кезде ғана қол жеткізуге болады. Мемлекет тарапынан әлеуметтік оңалту мен абилитациялау стандарттарын әзірлеу және енгізу осындай қажеттілік туындауы ықтимал барлық адамдар үшін осы қызметтерді көрсетудің тең-жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік оңалту және абилитациялау стандарттары қажеттілік түрлерін, нозологиялардың формаларын, адамдардың жынысы мен жасын ескере отырып әзірленетін болады, бұл мынадай маңызды бағыттардың бірыңғай тәсілдерін бекітуге мүмкіндік береді:

жеке қажеттіліктер негізінде әлеуметтік оңалтудың техникалық құралдары мен көрсетілетін қызметтерін қамтамасыз етудің кешенді тәсілін іске асыру;

әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын енгізу арқылы ОТҚ таңдау құқығын қамтамасыз ету;

әлеуметтік оңалту орталықтарының инфрақұрылымын және материалдық-техникалық базасын дамыту.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) бойынша мүгедектігі бар адамдарды ОТҚ-мен мемлекеттік бюджет есебінен қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес өнім берушіні таңдаудың негізгі өлшемшарттары ең төмен шартты баға ұсынысы болып табылады, бұл сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер ететіні сөзсіз.

ОТҚ сапасы көп жағдайда мүгедектігі бар адамның тұрмыс сапасына ықпал етеді. Сондықтан мүгедектігі бар адамдардың жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне барынша толық сай келетін ОТҚ таңдау құқығын бекіту және қамтамасыз ету маңызды.

Қаржыландырудың жеткіліксіздігі, мемлекеттік сатып алудың уақтылы өткізілмеуі, ОТҚ төмен сапасының лайықты болмауы ОТҚ ұсыну жүйесінің негізгі кемшіліктері болып табылады.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді алушылар мен өнім берушілердің тікелей өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы енгізілетін болады. Бұл бірыңғай цифрлық алаңда мүгедектігі бар адамдарға жеке қажеттіліктерін ескере отырып, көрсетілетін қызметтер мен оңалту құралдарын өз бетінше таңдау мүмкіндігі берілетін болады.

Бұдан басқа, мүгедектік белгіленгеннен кейінгі бірінші айда оңалту орталықтары базасында ОТҚ-ны пайдалануға оқыту бағдарламасын әзірлеу және қабылдау көзделеді. Оқыту жеке сабақтарды, бейнероликтер көрсетуді, инструктормен, топта (мүмкіндігінше), содан соң өз бетінше жаттығулар орындауды қамтиды. Практика көрсеткендей, бұл іс-шаралар кешені мүгедектігі бар адамдардың одан әрі әлеуметтік бейімделуінің жылдамдығы мен сапасына тікелей әсер етеді.

Түркістан қаласы бойынша мүгедектігі бар азаматтардың жалпы саны 9523-ті құрайды. Оның ішінде 5433 мүгедектің жеке оңалту бағдарламасы түзілген. Қазіргі таңда мүгедектігі бар азаматтардың жеке оңалту бағдарламасының орындалуы 67,2 пайызды құрап отыр. Жалпы жыл басынан мүгедектігі бар азаматтардың жеке бағдарламасына сәйкес 5329 құралға өтініш білдіріп, 3585 қамтамасыз етілген.

Оның ішінде тарқатып айтсақ:

  • Протез-ортопедиялық құралдарға 739 адам өтініш білдіріп, 380-і қамтамасыз етілген (51,4 пайыз);
  • Сурдо-техникалық құралдарға 195 адам өтініш білдіріп, 117-сі қамтамасыз етілген (60 пайыз);
  • Тифло-техникалық құралдарға 395 адам өтініш білдіріп, 283-і қамтамасыз етілген (71,6 пайыз);
  • Арнаулы жүріп-тұру құралдарына 314 адам өтініш білдіріп, 285-і қамтамасыз етілген (90,7 пайыз);
  • Санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге 1453 адам өтініш білдіріп, 541-і қамтамасыз етілген (37,4 пайыз);
  • Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметіне 309 адам өтініш білдіріп, 304-і қамтамасыз етілген (98,4 пайыз);
  • Ымдау тілі маманының қызметіне 89 адам өтініш білдіріп, 80-і қамтамасыз етілген (89,9 пайыз);
  • Міндетті гигиеналық құралдарға 1835 адам өтініш білдіріп, 1595-і қамтамасыз етілген (86,9 пайыз).

Арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту туралы не дейсіз?

– Арнаулы әлеуметтік қызметтер — өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені. Ол арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін және ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді қамтиды. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің бірыңғай тізбесі болып табылады. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт болып табылады. Ол халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс ақылы негізде көрсетіледі. Сонымен қатар ақпараттық, консультациялық және делдалдық қызметтер түрінде жалпы сипаттағы қызметтер көрсетуді қамтуы мүмкін. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, мемлекеттік секторда жұмыс істейтін субъектілер жалпы сипаттағы қызметтерді бюджет қаражаты есебінен көрсетеді. Ол арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес келуге тиіс. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсетудің тізбесі мен тәртібін облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) жергілікті өкілді органдары бекітеді. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Тағы бір атап өтер жайт, Қазақстанда жалғызбасты зейнеткерлерге ғана емес, сондай-ақ жақын туыстарының көмегінсіз қалған, отбасы ішіндегі жанжалға байланысты қиын жағдайда жүрген қарт адамдарға да үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін болды. Тиісті өзгерістер «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығында көзделген.

Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесіндегі әлеуметтік қызметкерлер саны – 27 ( 1 меңгеруші, 1 кеңесші, 27 әлеуметтік қызметкер).

Үйде әлеуметтік көмек көрсету секторында жеке басты қарттарды күтушілер – 6, мүгедек балаларды күтушілер – 17. Әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде 37  жалғыз басты қарт зейнеткер мен мүгедектігі бар азаматтар және 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 100 мүгедектігі бар бала, ал 18 жастан асқан мүмкіндігі  шектеулі 5 мүгедектігі бар азамат есепте тұрады, жалпы 142 адамға әлеуметтік  қызметтер көрсетілді.

Жалғізілікті қарттар  2022 жыл Төленген қаржы
Қаралған сомасы 1411,9 1058,0
Қарттар саны 37 37
1 адамға төленетін сомасы 3180 3180

Мен сұхбат барысындағы мүмкіндікті пайдаланып айтып өтейін, қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) үйде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Бұл ауру, жарақат, жас немесе мүгедектікке байланысты өзін-өзі күту, өздігінен қозғалу және өмірдің негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ету қабілетінен толық немесе ішінара айырылған адамдар болуы мүмкін.

Мен сізге кімге үйде арнайы әлеуметтік қызмет көрсетілу керектігі және әлеуметтік қызметкерлер үйде қызмет көрсету жағдайында қандай қызметтерді ұсынатындығы туралы  айтайын.

Үйде кім көмек ала алады? 

Үйде арнайы әлеуметтік қызметтерді алуға болады:

1) психоневрологиялық ауытқулары бар 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек-балалар;

2) тірек-қимыл аппараты бұзылған 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар (тірек-қимыл жүйесі бұзылған балалар);

3)  психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектер;

4) бірінші және екінші топтағы мүгедектер;

5) егде жасына байланысты өзіне қызметтер көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдар.

Сонымен бірге, бірінші және екінші  топтағы мүгедектер мен өздеріне қызметтер көрсетуге мүмкіндігі жоқ және денсаулық жағдайы бойынша үйде күту  жағдайында  арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж қарт адамдарға 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес егер өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, психикалық денсаулық орталығында есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін – егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз етпейтін еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын және денсаулық жағдайына байланысты стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектер болса арнайы әлеуметтік көмек көрсетіледі. 

Балалар, тірек-қимыл жүйесі бұзылған балалар, 18 жастан асқан адамдар, мүгедектер және ерекше әлеуметтік қызметке мұқтаж және бір отбасында тұратын қарт адамдар жеке тұлғалар болып саналады.

Әлеуметтік қызметкерлер үйде қызмет көрсету жағдайында қандай қызметтерді ұсынады?

Қызметтер түрлерінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес әлеуметтік қызметкер.

  1. Әлеуметтік-тұрмыстыққызметтер: төсектен тұруға, ұйықтауға, киім киюге және шешуге, жуынуға, тамақ ішуге, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалануға, айналада қозғалуға, тістерін немесе тіс протездерін күтуге, көзілдірік немесе есту аппаратын киюге, тырнақтарын алуға, ер адамдарға көмек – сақал мен мұртты қыруға көмектесу. Қарттар мен мүгедектерге егер қажет болса хат жазып, оны оқуға көмектесу.

Әлеуметтік қызметкерлер өздерінің қамқорлығындағы адамдарға негізгі қажетті өнімдерді сатып алуға, тамақ дайындауға көмектесуі керек. Жеке үйлерде тұратындар үшін стандартты пештің отына, отын, көмір мен су жеткізуге көмектеседі. Норма белгіленген: 1 келгенде 30 кг дейін отын мен көмір, 30 литрге дейін су жеткізіледі. Стандартқа сәйкес, әлеуметтік қызметкер қамқорлығындағы адамға тұрғын үйді жөндеу және тазалауды ұйымдастыруға, коммуналдық төлемдерді төлеуге көмектеседі. Одан басқа, егер киімерін жуу, құрғақ тазалау немесе жөндеу үшін заттарды тапсыру қажет болса, онда әлеуметтік қызметкер мұны істеп, содан кейін заттарды қайтарып алу керек. Стандарт бойынша үйден тыс жерде, бір елді мекен шегінде: денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау объектілеріне апару қарастырылған.

  1. Әлеуметтік-медициналық қызметтер:алғашқы медициналық көмек, дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге, санаторий-курорттық емдеуге, протездік-ортопедиялық және есту протездік құралдарына көмек көрсету, дәрігерді үйге шақыру және қамқорлығындағы адамды денсаулық сақтау ұйымында алып жүру, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды патронаттық қадағалау. Одан басқа, әлеуметтік қызметкер мүгедектер мен қарттарға санитарлық-гигиеналық қызмет көрсетеді: сүрту, жуу, гигиеналық ванналар.
  2. Әлеуметтік-психологиялық қызметтермынандай көмекті қамтиды: әңгімелесу, қарым-қатынас, тыңдау, сенімділік, белсенділікке ынталандыру, отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету.
  3. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер:мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуға көмектесу, балалар мен 18 жастан асқан адамдарға тұрмыстық бағдарлау негіздерін, өзіне қызмет көрсету, жеке бас гигиенасы, тұрмыстағы және қоғамдық орындардағы мінез-құлық, өзін-өзі бақылау дағдыларына үйрету.
  4. Әлеуметтік және еңбек қызметтері:тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың, мүгедектердің кәсіби бағдары, қызмет алушыларға және олардың отбасы мүшелеріне үй жұмысын ұйымдастыруда кеңес беру, мүгедектерге жұмысқа орналасуға көмектесу.
  5. Әлеуметтік және мәдени қызметтер:мерекелер, мерейтойлар, туған күндер, саяхаттар ұйымдастыру, театрларға, кинотеатрларға, көрмелерге, концерттерге бару. Бұл іс-шаралар үйде қызмет көрсететін ұйымның басшысы бекіткен тоқсандық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен қатар, стандартта клуб пен үйірме жұмысын ұйымдастыру және өткізу қарастырылған.
  6. Әлеуметтік-экономикалық қызметтер:жеңілдіктер, жәрдемақы, өтемақы, алимент және басқа төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмек.
  7. Әлеуметтік-құқықтық қызметтер:құжаттарды ресімдеуге көмек, сенімхат бойынша (егер қажет болса) жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер алу. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкерлер арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және олардың қамқорлығындағы адамдардың   заңды құқықтарын бұзатын немесе шек қоятын ұйымардың әрекеттері немесе әрекетсіздігіне шағым жасауға көмектесуі керек. Стандарт, сонымен қатар, әлеуметтік қызметкерлердің заң көмегін көрсетуін де қарастырады. Бір реттік консультация алу үшін Басқармадан адвокат көмегін алуға болады. Сонымен қатар, отбасында қамқорлығындағы адамға қатысты жасалған физикалық және психикалық зорлық-зомбылық болған жағдайда, әлеуметтік қызметкер кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға көмектесуі керек.  

Әлеуметтік қызметкердің қызметтерін мемлекет төлейді. Көмекті әлеуметтік қызметкердің өзі де және ол осы үшін тартатын   басқа да адамдар көрсете алады, мысалы, курьерлік жеткізу, тұрғын үй-жайларды жинауды ұйымдастыру және т.б. Қосымша жеке қызметтерге ақы төлеу мәселесін әлеуметтік қызметтерді алушылардың өздері шешуі керек.

Кіріп шығу уақыты, арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну шарттары

Қызмет алушыларға әлеуметтік қызметкерлердің келуі үйде қызмет көрсететін ұйымның басшысы бекіткен келу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Келген күні әлеуметтік қызметкерлер көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтерді есепке алу журналына тиісті белгі қояды. Есепке алу журналы көрсетілетін қызметті алушыда (заңды өкілінде) болады және айдың соңында әлеуметтік көмек қызметкеріне тапсырылады.

Одан басқа, үйде қызмет көрсету ұйымының басшысы арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға жағдайлар жасауы тиіс, оның ішінде:

1) қалпына келтіру іс-шараларын жүргізу үшін қажетті жабдықтармен және коммуникациялармен, диагностикалық, дидактикалық, дамытушы және басқа материалдармен жабдықталған үй-жайлар;

2) қызметкерлерді қызмет алушыға күтім жасау үшін білім, білік және дағды қалыптастыруға ықпал ететін әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету;

3) қажет болған жағдайда персоналды автокөлікпен, жол жүру билеттерімен немесе жол жүру билетінің құны мөлшерінде ақшалай өтеммен қамтамасыз ету;

4) әлеуметтік қызметкерлерді қарттар мен мүгедектерге күтім жасау кезінде киетін арнайы формамен, тұрмыстық заттармен қамтамасыз ету:

  • жуғыш заттар;
  • шүберек;
  • резина қолғаптар;
  • шаруашылық құрал-сайманы.

Үйде арнайы әлеуметтік қызметтерді алу үшін қандай құжаттар қажет

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе тұрғылықты жері бойынша  халыққа қызмет көрсету орталығына ұсыну қажет:

  • көрсетілетін қызметті алушының өтініші (кәмелетке толмағандар мен әрекетет етуге қабілетсіз адамдар үшін — заңды өкілдің өтініші) немесе медициналық ұйымның өтініші;
  • жеке куәлік (сәйкестендіру үшін);
  • медициналық анықтама;
  • балалар үшін — психологиялық, медициналық және педагогикалық консультация қорытындыларының көшірмелері.

Өтінішті қабылдау кезінде жұмыспен қамту бөлімі «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы келесі ақпаратты алуға сұраныстар жасайды:

1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;

2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы;

3) мүгедектікті белгілеу туралы;

4) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында әзірленген іс-шаралар туралы;

5) зейнет жасындағы адамдар үшін — жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы;

6) Ұлы Отан соғысының қатысушысы және мүгедектері және оларға теңестірілген адам мәртебесінің болуы туралы.

Ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған жағдайда өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

  • жеке куәлік көшірмесі;
  • мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі (мүгедектігі бар қарттар үшін);
  • мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы бар егде жастағы адамдар үшін);
  • зейнет жасындағы адамдар үшін — зейнетақы куәлігінің көшірмесі;
  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін — мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.

Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге беріледі, олар тексерілгеннен кейін медициналық картадан басқасы өтініш берушіге қайтарылады.

Уәкілетті органның маманы жазбаша өтініш пен құжаттарды қабылдағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде мүгедектердің, қарттардың тұрғылықты жеріне кетеді және тұрғын үй мен материалдық- тұрмыс жағдайын тексеру актісін жасайды.

Осыдан кейін азамат құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама алады, онда оны осы қызметтер және үйде күтім жасау шарттары туралы хабардар етеді   немесе дәлелді бас тарту алады.

Егер кезекке қою туралы хабарлама берілген күннен бастап 1 айдан астам уақыт өтсе, онда қызмет алушы қайтадан медициналық тексерістен өтіп, медициналық карта ұсынуы керек.

Жеке бағдарлама жасалады, онда түрлері, көлемі, жиілігі, шарттары, қызмет көрсету мерзімдері анықталады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде қызмет алушылардың жасы мен денсаулығы, ЖЖЖ мазмұны, дене белсенділігінің төмендеуі және өмір сүру жағдайлары ескеріледі.

Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қандай жағдайларда тоқтатылады

Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тоқтатылады:

  • Егер қызметтерді алушы өзі олардан бас тартса және оны өтінішке жазса (кәмелетке толмағандар мен әрекетет етуге қабілетсіз адамдар — заңды өкілдер үшін).
  • егер қамқорлығындағы адамға I немесе II топтағы мүгедек ретінде көмек көрсетілсе және ол алынып тасталса немесе III топ белгіленсе.
  • Егер арнайы әлеуметтік қызметтерді үйде емес, стационарда немесе жартылай стационарда алса.
  • Егер қамқорлығындағы адам басқа елді мекенге көшсе (ол жаңа тұрғылықты жері бойынша әлеуметтік көмек алуға жүгіне алады).
  • Егер қызмет алушы (немесе оның отбасы мүшелері) әлеуметтік қызметкерді негізсіз қорласа, кінәлесе, адамның қадір-қасиетін түсіретін болса және куәгерлер мұны жазбаша түрде растай алатын болса. Жаңарту арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуді тоқтатқаннан кейін 1 күнтізбелік жылдан ертерек мүмкін емес.
  • ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шарт бұзылған кезде.
  • Қызмет алушы қайтыс болған жағдайда.

Егер арнайы әлеуметтік қызметтерді үйде емес, оңалту орталықтарында, қызметтерде, білім беру жүйесінің күндізгі бөлімдерінде алса.

Тағы бір маңызды жаңалықпен бөлісейін. Еліміз бойынша 12 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер қазақстандықтарға күрделі өмірлік жағдайларда қызмет етеді. Қазақстанда 12 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді, олар халықтың әртүрлі санаттарына өмір сүру сапасын жақсарту және күрделі өмірлік жағдайдан шығу үшін көмек көрсету мақсатында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Қазіргі уақытта әлеуметтік қызметкерлер қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде балаларға, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер (АӘҚ) көрсетеді. Әлеуметтік қызметкердің негізгі міндеттері қызмет алушыларды өзіне-өзі қызмет көрсету, өзін-өзі бақылау, қарым-қатынас дағдыларына үйрету болып табылады.

Сондай-ақ, әлеуметтік қызметкерлер отбасы мүшелерімен оңалту іс-шараларын іске асыру және қызмет алушылардың қоғамда өздерін бейімдеу бойынша жұмыс жүргізеді, әлеуметтік төлемдер мен басқа да әлеуметтік қолдау шараларын алуға жәрдемдеседі. Әлеуметтік қызметкерлер стационар, жартылай стационар жағдайында, үйде және уақытша болу ұйымдарында АӘҚ ұсынады. 12 мың әлеуметтік қызметкердің 884 — медициналық-әлеуметтік мекемелерде, оның ішінде 695 — стационарлық мекемелерде, 189 — оңалту орталықтарында қызмет көрсетеді. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде 11 395 әлеуметтік қызметкер, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарында – 65, дағдарыс орталықтарында – 65 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкерлердің 45% — аудан орталықтары мен қалаларда, 30% — облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда, 25% — ауылдық округтерде қызмет көрсетеді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік және үкіметтік емес секторларда арнаулы әлеуметтік қызметпен 116 мыңнан астам адам қамтылды.

Әлеуметтік жұмыс мамандық ретінде Қазақстан үшін салыстырмалы түрде жаңашылдық екенін атап өткен жөн. Әлеуметтік жұмыс мамандарын кәсіби даярлау соңғы екі онжылдықта жүзеге асып жатыр. Бұл ретте әлеуметтік қызметкерлердің 33% — әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде 10 жылдан астам жұмыс өтілі бар мамандар. Бұрын хабарланғандай, биыл әлеуметтік қызметкерлердің мінез-құлқының кәсіби этикасының нормалары бекітілді, бұл олар ұсынатын қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, Әлеуметтік кодекстің жобасында халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту көзделуде.

Қолданыстағы арнайы әлеуметтік қызметтер өзектендіріледі және жаңа стандарттар әзірленеді, ал әлеуметтік қызметке мұқтаж адамдарға әлеуметтік қызметкерлерді таңдау мүмкіндігі беріледі. Бұдан басқа, әлеуметтік қызметкерлер тізілімін құру жоспарлануда, онда олардың біліктілігі, көрсетілетін қызметтердің түрлері мен сапасы, жұмыс нәтижелері туралы ақпарат қамтылатын болады. Әлеуметтік қызметкерлер үшін кәсіптік стандарттар әзірленетін болады, онда жұмыс берушілердің оқыту персоналының білім, дағдылары және біліктілік деңгейіне қойылатын талаптары көрсетіледі. Ұсынылатын қызметтердің біліктілік деңгейін, санаты мен ерекшелігін ескеретін еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі әзірленеді.

Бұдан бөлек Түркістан қаласы бойынша 2022 жылы үйде оқитын мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмекке өтініш білдіргендер — 300, қамтамасыз етілгені — 300;

Үйде оқитын мүгедек балалар 2022 жыл Төленген қаржы
Қаралған сомасы 8270,0 5508,0
Мүгедек бала саны 300 300
1 адамға төленетін сомасы 3180 3180

Жартылай стационар жағдайында оңалту бағдарламасы бойынша 2022 жылы Түркістан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-не әлеуметтік қызмет алуға 48 мүмкіндігі шектеулі бала кешенді қызметтермен қамтылды. 

2022 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 1 үкіметтік емес ұйым  70  ерекше балаға күндізгі бөлімшеге арнаулы әлеуметтік қызметтерді  ұсынып келеді.

Күндізгі бөлімше

 

2022 жылға

 

Мүгедек бала саны 70
Қаралған сомасы 51376,0
Игерілген сомасы 30214,7

– Эльмира Тұңғышбайқызы, сіз басқаратын бөлім азаматтық хал-актілерін тіркеу жұмыстарына да жауапты. Бұл бағытта нендей шаруалар атқарылып жатыр?

Түркістан қаласының АХАТ секторы қызметкерлері 2019 жылдың 25 қараша айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы Кодексінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №64 бұйрығымен «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою» туралы қағидасына сүйене отырып жұмыс жүргізеді. Нақтырақ айтатын  болсақ, туу туралы, неке қию туралы, қайтыс болу туралы, неке бұзу туралы, тегін, атын, әкесінің  атын  өзгерту туралы хал актілерін тіркейді. 

Енді биылғы тоғыз айдың ішінде атқарған жұмыстарымызды сараласақ, 2022  жылдың  9  айында туу туралы — 5831, оның ішінде  өлі туылғандар – 79; неке қию туралы — 1438, оның  ішінде  шетел азаматтары — 18; қайтыс болу туралы – 718, оның ішінде 1 жасқа дейінгі өлі туылғандар – 52; неке бұзу туралы – 49, оның ішінде сот шешімі бойынша – 18;  тегін, атын, әкесінің  атын өзгерту бойынша 28 хал-акті тіркелді. Сондай-ақ, күрделі істер, оның ішінде — түзету, өзгерту және толықтыру енгізу туралы  істердің  саны – 286, жою туралы  істер – 12,  тууды мерзімі өтіп тіркеу істері – 0, ТАӘ  өзгерту  туралы  істері  — 28.

Сонымен  қатар, анықтамалардың саны – 1044,  қайталама  куәліктердің  саны 1296-ны құрап отыр.

2022 жылдың 9 айында ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 491-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалмағанын да айрықша атап өткен орынды.

Айта өтейік, соңғы уақытта азаматтық хал актілерін тіркеу саласында оң өзгерістер көп. Өзгерістердің басты мақсаты — азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібін жеңілдету, артық құжаттарды талап етуді алып тастау, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімін айтарлықтай қысқарту, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау. Атап айтсақ, бала асырап алуды және әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ сот шешімі негізінде неке бұзу секілді акт жазба түрлерін тіркеу алынып тасталды.

Мысалы, қазіргі кезде ерлі-зайыптылар сот арқылы некесін бұзып, содан кейін АХАТ органдарына барып куәлік алуы қажет болса, өзгерістерге сәйкес сот шешімі заңды күшіне енген сәттен, автоматты түрде неке қию туралы акт жазбасына некенің бұзылғаны туралы белгі қойылып, куәлік алудың қажеттілігі алынып тасталды.

Сонымен қатар, бала перзентханада туылса, анасының жеке басын куәландыратын құжатының болмауына қарамастан, нәрестеге міндетті түрде туу туралы куәлік беріледі.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңымен неке қию (ерлі-зайыпты болу) мерзімін бір айдан некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер тіркеуші органға өтініш берген күнен бастап күнтізбелік он бес күнге дейін қысқартылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша 2020 жылдың 12 қазанынан бастап қайтыс болуды тіркеуге қатысты қызметтерді көрсетудің оңтайландырылған үрдісі пилоттық режимде іске қосылып, жүргізілуде.

Қайтыс болуды тіркеуге қатысты қызметтерді көрсетудің оңтайландырылған үрдісін пилоттық режимде жүзеге асыру кезінде уәкілетті органдардың өзара іс-қимылы туралы бірлескен бұйрығы бекітілді.

Осы аталған бұйрықтың 3-тармағының 6-тармақшасында пилоттық жобаның жүргізілу кезеңіне қайтыс болған адамды жерлеу, жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақыны төлеу, қайтыс болған адамның зейнетақы жарналарын алу, мұраны ресімдеу және басқа да қызмет түрлерін көрсету кезінде, азаматтардың өлімі туралы, перинаталдық өлімі туралы медициналық куәліктерді, қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді міндетті түрде ұсыну талабы алынып тасталды. Бұл ретте, қайтыс болған адамдар туралы мәліметтер ақпараттық жүйелердің интеграциясы арқылы не қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы электрондық хабарламаларды «электрондық үкімет» порталында тексеру арқылы алынуы қажет.

Яғни, пилоттық режимде мемлекеттік тіркелгенде қайтыс болу туралы куәлігі берілмейді.
АХАТ саласындағы өзгерістер халықтың уақыт және қаражат шығындарын едәуір қысқартып, мемлекеттік қызметтерді барынша сандық форматқа көшіруге мүмкіндік береді.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (әрі қарай-Кодекс) 14 шілде 2022 жылы бірнеше өзгертулер мен толықтырулар енгізілген болатын.

Осыған орай, «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №112 бұйрығына 30.09.2022 жылы №820 бұйрығымен өзгерістер енгізілді.

Яғни, Кодекстің 13-бабының 2-тармағында неке қию (ерлі-зайыпты болу) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер тіркеуші органға өтініш берген күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң жүргізіледі.

Кодекстің 64-бабының 3-тармағы бойынша, егер ата-анасы некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын мемлекеттік тіркеуге қарамастан бөлек тұрса не балаға қатысты әке болу анықталса және бала өзімен бірге тұрып жатқан ата-ана оған өзінің тегін бергісі келсе немесе ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, баланың тегін әкесінің немесе әкесі жағынан да, анасы жағынан да атасының аты бойынша өзгерткісі келсе, тіркеуші орган баланың мүдделеріне қарай және екінші ата-ананың нотариатта ресімделген пікірін ескере отырып, баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізеді. Ата-ананың тұратын жерiн анықтау мүмкiн болмаған, ол ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген, әрекетке қабiлетсiз деп танылған кезде, сондай-ақ ата-ана баланы күтіп-бағудан және тәрбиелеуден дәлелсіз себептермен жалтарған жағдайларда, ата-ананың пiкiрiн ескеру мiндеттi емес.

Кодекстің 30-тарауындағы 257-269-баптары бойынша, демек атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеумен берілетін куәлігі алып тасталынып, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру болып өзгертілді. Яғни, мемлекеттік қызметтің акт жазбасы тіркелмейді.

Одан бөлек, азаматтық хал актілерді тіркеудегі куәліктермен мен қайталама куәліктерді және анықтамаларды беру бойынша өзгерістер енгізілді.  Бұл өзгерістер 15.08.2022 жылдан бастап заңды күшіне енгізілді. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін барлық азаматтық хал актілерді тіркеуге электронды түрде ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңба) арқылы Үкімет порталының «Egov.kz» сайты арқылы өтініш жіберуге мүмкіндік қарастырылған. Демек, барлық азаматтық хал актілерін тіркеу үшін электронды өтініш беріледі.

Сұхбатымыздың басында Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмысының бір бағыты еңбек қатынастарын үйлестіру екенін айттыңыз. Бұл саланың тыныс-тіршілігі қандай?

– Мемлекет басшысының 2021 жылғы №622 Жарлығына сәйкес 2022 жылдың 1 қаңтарынан ҚР Ішкі істер министрлігінен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен жергілікті атқарушы органдарға еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру функциялары берілді. Осы мақсатта Еңбек кодексіне, «Босқындар туралы» «Халықтың көші-қоны туралы», «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» және «ішкі істер органдары туралы» заңдарға өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, еңбек иммигранттарына рұқсат беру, босқындармен жұмыс, Халықтың көші-қоны саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру, көші-қон процестерінің мониторингі және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен тікелей байланысты емес бірқатар басқа да өкілеттіктер берілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің босқындармен жұмысы көбіне оларға әлеуметтік көмек, медициналық қызмет және білім беруге, сондай-ақ оларды жұмысқа орналастыруға бағытталады. «Азаматтық ведомствоның» БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссарының басқармасы, Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым, үкіметтік емес ұйымдар сияқты халықаралық құрылымдармен тығыз өзара іс-қимылы олардың өзекті мәселелерін халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы шешуге мүмкіндік береді. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы берілетін «Еңбек патенттері»  деп аталатын жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыс істеу үшін еңбекші көшіп келушілерге рұқсат берумен ұқсас жағдай. Шетелдіктердің жұмыс істеуіне рұқсаттың барлық басқа түрлерін жергілікті атқарушы органдар береді, оларды беру тәртібін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айқындайды. Босқындар мен еңбек мигранттарының Қазақстанда болудың белгіленген ережелерін сақтауын бақылау бұрынғысынша полиция құзыретінде сақталған. Яғни, босқын мәртебесін және жеке тұлғадан еңбек қызметіне рұқсат алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушылар орналасқан жері бойынша полицияға уақытша тұруға рұқсат алу үшін міндетті түрде жүгінуі тиіс.

Осы орайда назар аударар маңызды жайт, «Еңбекші көшіп келушінің рұқсатын беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметін алу үшін еңбек иммигрант «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-на жеке өтініші бойынша ұсынылған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мынадай:

  1. Бастапқы өтініш беруі кезінде:

— еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру туралы өтініш;

— жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемді төлеу туралы түбіртек (айына 2 АЕК 6126 теңге);

— Мемлекеттік шекараны кесіп өткені туралы белгісі бар паспорт;

— 028/у нысандағы медициналық анықтама;

— дактилоскопиялаудан және суретке түсіруден өткені туралы анықтама;

— медициналық сақтандыру;

— еңбек шарты.

  1. Рұқсатты ұзарту үшін:

— еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ұзарту туралы өтініш;

— жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемді төлеу туралы түбіртек (айына 2 АЕК 6126 теңге 1-ден 6 тұру айлары, айына 4 АЕК 12 252 теңге 7-ден 12 айға);

— еңбекшарты;

— медициналық сақтандыру.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» №123 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 16 мамырынан бастап қызмет көрсетудеміз. 

Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту бойынша Түркістан қаласында 9 айында барлығы 3343 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

– Енді пробация жұмыстарына ойыссақ…

– Түркістан қалалық пробация бөлімі қызметі есебінде жалпы 196 адам есепте тұрады, оның ішінде 137 адамға пробациялық бақылау белгіленген.

Түркістан қаласы әкімдігінің 2 ақпан 2022 жылғы №300 «Түркістан қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды,  жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарына  квоталар белгілеу туралы» қаулысы бекітіліп, пробация қызметі есебінде тұрған адамдарға 5 мекемеге 9 орын, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыу үшін 4 мекемеге 7 орынға квота белгіленген.

Қазіргі таңда 13  жұмыс орындарына квота бойынша жолдама беріліп, жоспар  81,2  пайызға орындалған.

Сонымен қатар, пробациялық бақылаудағы азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетілуде. Жеке кәсібін ашуға және оны дамытуға көмек көрсетуді ұйымдастыру мақсатында 2022 жылдың 15 сәуірінде Түркістан қаласы әкімдігінің Бизнесті қолдау және туризм бөлімі тарапынан өз жеке кәсіпкерлігін ашуға жеңілдетілген несиелер және гранттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

2022 жылдың 14 маусымында Түркістан қалалық пробация қызметі есебінде тұрған тұлғаларға жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту салалары бойынша кездесу ұйымдастырылып, 60 сотталған адам қатыстырылды.

2022 жылдың 16 мамырында есепте тұрған тұлғалармен теологтар кездесу ұйымдастырды.

Түркістан қалалық Адами әлеуетті дамыту бөлімі тарапынан пробация қызметі есебіндегі А. Тенлибаеваның Төле би атындағы №19 жалпы орта мектепте оқитын 7, 8-ші сыныптардағы балалары ағымдағы оқу жылында киім-кешекпен қамтылған.

Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған тұлғалардың рухани дамуына және патриоттық сезімін ояту мақсатында 2022 жылдың 21 наурызында Түркістан қаласы әкімдігінің спорт және мәдениет бөлімімен бірлесіп, Наурыз мерекесі қарсаңында спорттық және мәдени іс-шара өткізілді.

2022 жылғы 20 сәуірде Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімі есебінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 10 сотталған азаматқа ауқымды азық-түлік пакеті берілді.

Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен демеушілер есебінен 2022 жылғы 26 маусымда өткізілетін цирк іс-шарасына сотталғандардың балаларына 50 билет берілді.

Түркістан қалалық, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 30 маусымы мен 8 шілдесінде кіші футболдан жарыс өткізілді.

Айта өтейік, пробация дегеніңіз – адамдардың қайта қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзеуге бағытталған қызмет түрі мен бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралардың заңмен белгіленген жүйесі. Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдерінің ішінде алғашқы болып пробацияның толық жүйесін қабылдаған ел.

Жалпы, біздің елімізде ең алғаш рет «пробация» ұғымы 2012 жыл­дың 15 ақпанындағы «Қазақстан Рес­пуб­ликасының кейбір заңнамалық акті­ле­ріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында қолданылған. Де­генмен, Қазақстанда алғаш рет 2016 жылғы 30 желтоқсандағы «Пробация туралы» Заңның қабылдануына орай проба­ция­ның қолданылу аясы анағұрлым кеңейе түскен. Нақтырақ айтсақ, 2016 жылғы желтоқсанда «Пробация туралы» заң қабылданып, пробацияның әлеуеті мен өзектілігі артты. Бұдан бөлек, сол жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясы бекітілді.

Бұл кешенді стратегияның мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды кешенді әлеуметтендірудің ұлттық жүйесін құру, сондай-ақ қайта қылмыс жасау деңгейін төмендетуге ықпал ететін тиімді жағдайларды жасау.

Елімізде түрмеден шыққандарға әлеумет­тік-құқықтық көмек беру ісі жолға қойылған. Осы орайда айта кетейік, әлеуметтік-құқықтық көмек, ол – пробацияның есебінде тұрған адамдарды әлеуметтендіруге бағытталған жеке бағдарламалар негізінде іске асырылатын шаралар кешені. Осы жылдың басынан бері еліміздің барлық өңірінде пробация қызметінің есебінде тұрған елу мыңнан аса сотталған адам әлеуеметтік-құқықтық көмектер алған көрінеді.

Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету­де­гі негізгі бағыттарға пробацияның есебінде тұрғандарды жұмысқа орналас­­­тыру, емдеу, білім алуына жәрдемдесу, құжаттарын қайта қалпына келтіру, психо­логиялық көмек беру және өзге де әлеуметтік-құқықтар жатады.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, пробация қызметкерлерінің тиімді әрекеттерінің арқасында есепте тұрған пәленбай адам жұмысқа орналасса, пәленбай адамға ем алуға көмек көрсетіледі. Сондай-ақ білім, психологиялық көмек алды. Айта кетейік, пробация – Қазақстан Республикасының заңна­ма­­сына сәйкес, есепте тұрғандарға әлеу­мет­тік-құқықтық көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдармен, азамат­тармен, қоғамдық ұйымдармен және өзге де заңды тұлғалармен өзара әрекет­тесе отырып атқарылатын қызмет түрі.

Азаматтардың қылмыстық сот тө­ре­­лігіне түсуін азайту, қылмыстық жазалау шараларын азайту мақсатында қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық-құқықтық шараларды кеңінен қолдану үшін жағдайлар жасал­ған, жаңа Қылмыстық кодекс­те бірқатар санкциялар жеңілдетіліп, сотталғандарды шартты түрде мерзі­мі­нен бұрын босату уақыттары азайтылды.

Пробация, ол – есепте тұрған адамдарға пробациялық бақылау және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету түрінде жүзеге асырылады. Түркістан қаласы пробация қызметінің мәліметінше, сотталғандардың қайта қылмыс жасауы­на олардың түзу жолға түсуге деген ниетінің жоқтығы, тұрақты жұмыс орнының болмауы, ішімдікке салынуы түрткі болады. Сондай-ақ қылмысқа барудағы алғашқы салдарды анықтап қарағанда, көбіне сотталғандардың әлеу­меттік бағыттан алшақтауынан, яғни тұрмыстық проблемаларының дұрыс жолға қойылмағандығынан қайта қыл­мыс жасау орын алады.

«Пробация» – латын тілінен аударғанда «сынау» деген мағынаны білдіреді. Бостандығынан айырмайтын жазаға кесілген немесе мерзімінен бұрын шартты жазаға босаған сотталушыны бақылап және тексеріп қана қоймай, оған еркін өмірге бейімделуге, жұмысқа орналасуына, білім алуына көмектесу – пробация қызметкерлерінің міндеті. Адамның қылмыс жасағанына қарамастан, оның түрмеге отырмауына мүмкіндік беру. Ол үшін қылмысқа барған адам сот міндеттеген шарттардың барлығын орындауы керек. Осылайша, байқаусызда сүрінген жандар болса, оларды түзеу мекемесіне отырғызбай, қайта тәрбиеленуіне мүмкіндік беріп, әлеуметтік мәселелері болса шешуге ықпал жасайды.

Пробациялық бақылаудың мақсаты – заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындауларын бақылау арқылы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзелу жолына түсіру, қайта қылмыс жасаудың алдын алу, шартты түрде сотталғандардың жалпыға ортақ әлеуметтік, моральдік және құқықтық нормаларды сақтауы болып табылады. Шартты түрде сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің негізгі бағыттары – білім алуына, кәсіп түрлерін игеруіне, жұмысқа орналасуына, емделуіне және құқықтық кеңестермен қамтамасыз етілуіне көмек көрсету. Себебі – қылмыс жасап, өзін қоғамға қажетсіз сезініп, алдағы өмірінен үміт үзгендер аз емес.

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу мерзімі – пробация қызметі заңды күшіне енген сот үкімін, қаулысын орындауға қабылдаған күннен бастап, олардың тұрғылықты жері бойынша жүзеге асады. Пробациялық бақылау мерзімі шартты түрде сотталған адамды пробация қызметінің есебіне қойған кезден бастап есептеледі. Сотталған азаматты есепке қою кезінде оның тұрғылықты жерін, денсаулық жағдайын, білім деңгейін және еңбекпен қамтылғандығын, сондай-ақ, оған ұсынылатын әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды. Сотталғанға әлеуметтік-құқықтық көмек беру, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртібін түсіндіреді. Тіркелуі үшін Пробация қызметіне келу күндерін белгілейді. Сотталған адамға сот жүктеген міндеттерді орындау тәртібін және мәжбүрлі еңбекті орындау немесе орындамағаны және пробациялық бақылау шарттары мен тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібін түсіндіреді.

Шартты түрде сотталған адам өзіне сот жүктеген міндеттерді орындамаған не тәртіп бұзушылықтарды қайталап жасаған жағдайда, сондай-ақ, пробациялық бақылаудан жасырынса, пробация қызметі сотқа шартты түрде соттаудың күшін жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы, ал кәмелетке толмаған сотты болғанға қатысты пробациялық бақылау мерзімін бір жылдан аспайтын уақытқа ұзарту туралы ұсыныс енгізеді.

Пробация қызметкерлерінің міндеті – бостандығынан айырмайтын жазаға кесілген немесе мерзімінен бұрын шартты жазаға босаған сотталушыны бақылап және тексеріп қана қоймай, оған еркін өмірге бейімделуге, жұмысқа орналасуына, білім алуына көмектесу. Олардың жүріс-тұрысын бақылап қана қоймай, әлеуметтік-құқықтық, заңгерлік, медициналық, психологиялық және тағы да басқа көмектер көрсетіледі. Пробациялық бақылаудан соң қайта сотты болғандар жоқ. Олар өздерін қоғамға қажет екенін түсініп, тура жолмен жүруге тырысады.

Пробацияның төрт түрі бар. Сол себепті сотқа дейінгі, шартты-үкімдік, пенитенциарлық және постпенитенциарлық пробация түрлері кеңінен қолданылады. Оның біріншісі – еліміздегі құрылғалы жатқан институт – балалар омбудсмені. Бұл құрылым жұмыс істей бастаса, ақ пен қараны ажырата алмай, қылмысқа барған жеткіншектердің құқығын қорғау барысында маңызды болмақ. Екіншіден, «Нельсон Манделла ережелері». Мандела ережелері қабылданғаннан кейін түрмелерде соңғы 60 жыл бойы қалыптасып қалған «тәртіптің» 80 пайызы қайта қаралған. Жаңартылған Ереже сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеудің тәсілдерін өзгерткен. Үшіншіден, әйелдер колониясының қызметкерлерін және колонияда жазасын өтеушілер арасында оқу-дәрістер өткізу. Төртіншісі – жасөспірімдерге арналған пробация қызметі. Әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын бұл қызмет шетелдерде бірнеше бағыттан тұратын үлкен жүйеге айналған.

Әрине, пробация қызметінің құрылғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Дегенмен, қоғамнан оқшауламай-ақ, қылмыстық жазаларды барынша кеңінен қолдануға жағдайлар туғызып отыр. Бұл – тура жолдан адасып, жазалы болған азаматтарға деген ізгілікке толы қамқорлық. Олардың түзеліп, қоғамның бір бөлшегіне айналады деген берік сенім бар.
Сотталушының кінәсі қанша жерден ауыр болса да, ол мемлекетіміздің азаматы деген аттан айырылмайды. Пробациялық бақылау – істі болғандардан өш алу мақсатында емес, керісінше оларды тәрбиелеу үшін қолданылатын қызмет.

– Дұрыс екен. Ал аға ұрпақ өкілдері туралы және оларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы не айтасыз?

– Бүгінгі таңда Түркістан қаласында 14915 зейнеткер өмір сүріп жатыр. Оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедектерінің саны үшеу, соғыс ардагерлеріне теңестірілгендердің саны – 382, тыл еңбеккерлерінің саны 384-ті құрайды. Әр адамның міндеті – өз елінің тарихын білу және құрметтеу, Жеңісті бар­лық ұрпақтың жарқын болашағы үшін жақындатуда майданда соғысқан және тылда еңбек еткен ардагерлеріміздің ерлік­терін ұмытпау! ҰОС кезінде 1 млн. 200 мыңнан астам қазақстандық май­данға шақырылды, 20-дан астам атқыш­тар дивизиясы және басқа да құры­лымдар құрылды. Әскери қызметтері үшін жүздеген мың қазақстандықтар медальдар мен ордендермен марапатталды, 500-ге жуық адам Кеңес Одағының Батыры атанды. Төрт қазақстандық екі рет Батыр атанып, 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Қолына қару алған әрбір екінші қазақстандық Жеңіс үшін жанын берді – олар шайқаста қаза болды, жаралар мен аурулардан қайтыс болды және хабарсыз кетті. 630 мың адам тұтқыннан оралмады. Қазақстан тәуелсізді­гінің 30 жылы ішінде ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық көрсету, олардың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттің әлеуметтік саясатының бас­ты басымдықтарының бірі болды. Қарт адамдарды әлеуметтік қор­ғау шаралары орталық және жергілікті дең­гейлерде жүзеге асырылады.

Біріншіден, жыл сайын зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдер көлемі ұлғаюда. Азаматтардың 20 санатына (соғысқа қатысушылар, тыл еңбеккерлері, ақталған азаматтар және т.б.) өзге де әлеуметтік төлемдерге қарамастан арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу жүзеге асырылады. 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақыны ескере отырып, ай сайын алатын әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері мынадай: ҰОС қатысушылары үшін – 193 714 теңге (289 адам), ҰОС мүгедек­тері үшін – 201 615 теңге (98 адам), басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимыл­дарының ардагерлері үшін (Ауғанстанда, Вьетнамда, Алжирде, Египетте, Иракта және т.б.) – 205 041 теңге (24 943 адам), ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар үшін – 161 174 теңге (3 886 адам), ҰОС мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар үшін –124 409 теңге (14 780 адам), ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне – 132 060 теңге (69 248 адам). Екіншіден, ардагерлерді әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары көрсетілуде. Олардың барлығы әскери қызметшілер үшін қолданылатын құқықтар мен кепілдіктерге ие. Салық салу бойынша жеңілдіктерді пайдаланады, Астана және Алматы қалаларындағы мамандандырылған гос­питальдарда білікті медициналық көмек көрсетіледі, санаторлық-курорттық емдеу ұсынылады.

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бюджет және тартылған (демеу­шілік) қаражат есебінен ардагерлерге қиын өмірлік жағдайда қалғанда немесе мерекелік (естелік) күндерге материалдық көмек түрінде қосымша әлеуметтік қолдау түрлерін көрсетеді.

Республика бойынша тұрғын үйді жөндеу (21,1 млн теңгеге 84 ардагер), отынмен қамтамасыз ету (13,7 млн теңгеге 622 адам), қоғамдық кө­лікте жол жүру жеңілдіктері (45,3 млн теңгеге 7 430 адам), дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде (56,6 млн теңгеге 1 796 адам), тіс протездеуде (68,8 млн теңгеге 848 адам) және т.б. жәрдем. Үшіншіден, жыл сайын біржолғы материалдық көмек төлеу дәстүрге айналды. Жеңіс күні қарсаңында жергілікті атқарушы органдар азаматтардың келесі санаттарына 5,4 млрд. теңге сомасында біржолғы көмек көрсетті. Олар, ҰОС қатысу­шылары мен мүгедектері – 381 адам, қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 92 адам, концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары – 212 адам, қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелдері (күйеулері) – 3 221 адам, ҰОС кезінде қаза тапқандардың жесірлері – 6 адам, тыл еңбеккерлері – 74 116 адам, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген басқа тұлғалар – 20 111 адам.

Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрлігі облыстар мен респуб­ликалық маңызы бар қалалардың әкім­діктеріне ҰОС жеңісіне үлес қосқан аза­маттардың барлық көрсетілген санаттары үшін материалдық көмектің ең төменгі кепілдендірілген шегін белгілеуді ұсынды. Нәтижесінде, барлық өңірде ҰОС қатысушылары мен мүгедектері үшін біржолғы материалдық көмек кемінде 1 млн теңге (Ақтөбе облысында – 2 млн теңге) көлемінде көрсетілді. Конц­лагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына – кемінде 100 мың теңге. Қоршаудағы Ленинград тұр­ғындары мен ҰОС кезінде қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне – кемінде 60 мың теңге. Ұлы Отан соғысында қайтыс болған мүгедектердің әйелдеріне және тыл еңбеккерлеріне кемінде 30 мың теңге берілді.

Төртіншіден, мемлекет әлеуметтік заңнаманы жетілдіру бойынша тұрақ­ты негізде шаралар жүргізуде. Осы­лайша, 2020 жылы «Ардагерлер туралы» заң қабылданды, онда ардагерлерге бері­летін жеңілдіктер мен кепілдіктер шоғырландырылды. Ол жаңадан енгізілген ардагерлер санаттарының ішінен 11 мың адамға ай сайын арнайы мемлекеттік жәрдемақы алуға, сондай-ақ ардагерлер үшін барлық жеңілдіктер мен кепілдіктерді пайдалануға мүмкіндік берді. Бұдан басқа, 2021 жылы «Ардагерлер туралы» заңға зейнеткерлік жасқа толған, жалпы жұмыс өтілі 40 жылдан астам, оның ішінде бір салада кемінде 10 жыл, сондай-ақ еңбек қызметінде ең жоғары нәтижелерге қол жет­кізген – «Еңбек ардагері» медалі­мен наград­талған адамдарды еңбек арда­гер­леріне жатқызуды көздейтін өзге­рістер енгізілді. Осы жылы «Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шеңберінде Таулы Қарабақтағы жауынгерлік іс-қимылдар кезеңін 1991 жылдың соңына дейін ұзарту көзделіп отыр. Нәтижесінде, этникааралық қақ­тығысты реттеуге қатысқан тағы 593 әскери қызметші ардагер мәртебесін алады.

Түркістан қаласы бойынша көп балалы аналардың саны — 13291. Оның ішінде «Алтын алқа» иегерлері — 621; «Күміс алқа» иегерлері — 2324; Батыр аналар — 75; 1-2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған аналар — 106; 18 жасқа дейін 4 және одан көп баласы бар аналардың саны – 10165. Реті келгенде, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар мен жеңілдіктер жөнінде түсіндіріп өтсем.

«Ең әуелі көпбалалы отбасылар мен көпбалалы ананың мәртебесі хақында. Қазақстанда құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ 23 жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасылар көпбалалы отбасылар болып саналады.Алты бала туған және тәрбиелеген көпбалалы аналарға «Күміс алқа» алқасы беріледі, ал жеті не одан көп бала туған және тәрбиелеген көпбалалы аналар «Алтын алқа» алқасымен марапатталды.

Ал көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға келсек, кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар немесе жиырма үш жасқа дейін күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға отбасы табысына қарамастан төмендегі көлемде жәрдемақы тағайындалады:

  • төрт балаға – 16,03 АЕК немесе 46 760 теңге;
  • бес балаға – 20,04 АЕК немесе 58 457 теңге;
  • алты балаға – 24,05 АЕК немесе 70 154 теңге;
  • жеті балаға – 28,06 АЕК немесе 81 852 теңге;
  • сегіз және одан көп балаға – 28,06 АЕК немесе 81 852 теңге қосымша 4 АЕК бойынша жеті баладан кейінгі әрбір үшін.

Онлайн-қызмет арқылы осы жәрдемақыны тағайындауға өтінім беруге болады.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен және басқа да ордендермен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға   ай сайын 6,4 АЕК мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

Аталған жәрдемақыны алу үшін келесі құжаттармен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға жүгіну қажет. 

  • Өтініш;
  • Жеке басты куәландыратын құжат – сәйкестендіру үшін;
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналардың марапаттарын растайтын немесе осы атақтарды алғанын растайтын құжат;
  • Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімініңанықтамасы.

Қызмет көрсету мерзімі – 7 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қажет болған жағдайда қажеттілігіне қарай іс материалдары ресімделгенге дейін 30 күн мерзімге ұзартылады, бұл ретте егер құжаттар ресімделіп болса мемлекеттік көрсетілетін қызмет Мемлекеттік корпорацияға қосымша құжаттарды ұсынған күннен бастап 7 жұмыс күнінде көрсетіледі.

Көпбалалы отбасыларға арналған басқа да жеңілдіктерді де айтып өтейін. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар тұрғын үйді мемлекеттік тұрғын үй қорынан алуға немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйді алуға бірінші кезекте құқылы.      

Сондай-ақ, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар төменде көрсетілген:

  • көлік құралдары бойынша салық ((«Батыр ана» атағына ие болған немесе «Алтын алқа» не «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар бір автокөлік құралы бойынша);
  • тұрғын үй қоры иеленген жер учаскелері, оның ішінде ондағы құрылыстар мен ғимараттар бойынша салық («Батыр ана» атағына ие болған немесе «Алтын алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар);
  • үй жанындағы жер учаскелері бойынша салық;
  • жеке тұлғалардың мүлкі бойынша салық («Батыр ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көпбалалы аналар 1000-еселік мөлшердегі АЕК шегінде);
  • нотариалдық әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік баж салығы («Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар — барлық нотариаттық әрекеттер бойынша);
  • зияткерлік меншік саласында уәкілетті мемлекеттік орган заңды маңызы бар әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік баж салығы сияқты бірқатар салықтар мен мемлекеттік баж төлеуден босатылған («Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар).

Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3-тармағына сәйкес 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.

Қала деңгейінде ардагерлерді сауықтыру мақсатында қарияларымыз жолдамамен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда: 2022 жылға облыстық бюджеттен зейнеткерге 500 жолдама бөлініп, («Ардагерлер» үйіне 260 жолдама, «Мейір» ардагерлер үйіне 240 жолдама) ағымдағы жылы «Мейір» ардагерлер үйіне — 168, «Ардагерлер» үйіне 182 жолдамамен қамтамасыз етілді. 4 ардагер  басылымға тегін жаздырылды.

15 ақпан Ауған әскерлерінің шығарылуына орай 141 Ауған соғысы ардагеріне 35 АЕК көлемінде, яғни 15115,9 мың теңге; 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне 3089 көп балалы аналарға 2 АЕК — 18923,2 мың теңге; 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне 381 ҰОСА теңестірілгендерге 25 АЕК — 30289,5 мың теңге; 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне 4 ҰОС ардагеріне 1000,0 мың теңге — 4000,0 мың теңге; 419 тыл ардагерлеріне 30,0 мың теңге -12570,0 мың теңге; 17 қайтыс болған ҰОСМ әйелдеріне 30,0 мың теңге, жалғызлікті 32 қартқа 1 АЕК — 510,0 мың теңге; иммун тапшылығымен ауыратын 8 балаға екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейі — 3479,6 мың теңге; туберкулез ауруымен ауыратын 52 адамға 5 АЕК — 5623,8 мың теңге көлемінде жәрдемақы берілді.

– Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысы туралы да жан-жақты айтып өтсеңіз.

– Түркістан  қаласы әкімдігінің №2224 қаулысымен 13 желтоқсан 2021 жылы мүмкіндігі шектеулі және зейнет  жасындағы азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсететін «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Қоғаммен тең және белсенді араласуға қолдауда  әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 3 бөлімшесі арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетуде.

Біріншісі — «TEN QOGAM» бөлімшесі. Ол жеке тәсілді енгізу және  қызмет бенефициарлармен кері байланысты қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне бағытталған мүгедектігі бар адамдардың лайықты еңбекке, жұмыспен қамтуға және экономикалық тәуелсіздік құқығын асыруға кешенді қызмет көрсетеді. Орталықтың басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс істеу. Оларға қоғамдағы әлеуметтік көмектің барлығы дұрыс деңгейде көрсетілуі керек. Жұмысқа орналастырудан бастап, құқықтық, психологиялық кеңес беру, кәсіпке баулу, қажетті құралдармен қамтамасыз ету басты мақсат болмақ. Қаламызда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың түрлі қауымдастықтары бар. Сол қауымдастық мүшелерінің пікірлерін тыңдап, «оларға қалай қолайлы жағдай жасалу керек» деген ұсыныстарын тыңдап, талқылап, жағдай жасау. «Тең қоғам» орталығы – осындай мақсатта ашылатын орталық. «Нәтижесін береді» деген сенімдемін.

Екіншісі — «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» бөлімшесі. Ол өмірлік қиын жағдайларға тап болған және тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген азаматтарға  әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Мақсат – от басы, ошақ қасында болатын жанжалдарға тосқауыл қою, шаңырақ ынтымағын сақтау. Бөлімшеде ерінен зәбір көріп, зорлық-зомбылық тауқыметін тартқандар мен ішімдік пен есірткіге салынып кеткендерге психологиялық қолдау көрсетілетін бола­ды. Біз қала тұрғын­да­рының жанайқайынан, негізгі мәселе­лерінен ха­бардар болып отыруымыз қажет. Бүгінде отбасылық жағдайда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың белең алған кезеңі. Сондықтан осындай қызмет түрлі жағ­дайда қиындыққа душар болған әйелдер қауымына көмек көрсететін болады. Мұнда қабылдау және дәрігер бөлмесімен қатар қажетті құралдармен жабдықталған  пси­холог, тренинг, егу кабинеттері жұмыс істейді. Аталған бөлімше барлық мемлекеттік органдар тарапынан жасалатын профилактика жұмыстарын үйлестіреді.

Үшіншісі — «Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімшесі. Ол қарттар және зейнет жастағы азаматтарға  қоғаммен белсенді араласу және денсаулықтарын жақсартумен қатар қартаю динамикасын төмендетуге кешенді сауықтыру, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда орталық 120 мүгедектігі бар азаматқа, 180 зейнет  жасындағы және 171 өмірлік қиын жағдайдағы азаматқа бірқатар әлеуметтік арнайы қызметтерді көрсетіп келеді. Мысалы: құқықтық көмек, медициналық, жұмыспен қамту, «Көмек» дағдарыс орталығына 3 әйел 12 баласымен жолданып, уақытша орналастырылды. Мұндай орталықтардың ашылуы Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау министрлігі әзірлеген «Белсенді ұзақ өмір» Ұлттық жоспарында көзделген. Белсенді ұзақ өмір орталығы – ересек адамдар ағылшын тілін үй­реніп, компьютерлік сауат­ты­лық курстарынан өтіп, емдік дене шынықтырумен, бимен және т.б. айналыса алатын бос уақы­тын өткізу мекемесі. Нәтижесінде, егде жастағы қазақстандықтар қоғам­ға белсенді түрде араласып, олар­дың психоэмоционалдық жағдайы жақсаруда.

Бағдарлама Дүние­жү­зі­лік денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген қартаю проблемалары жөніндегі Мадрид халықаралық іс-қимыл жоспарының тұжырым­да­масын ескере отырып әзір­лен­ді. Қартаю мәселелері жөнін­дегі са­рапшылар бүкіл ел бойынша бел­сенді ұзақ өмір орта­лық­та­ры­­ның көп болуын барынша қа­жет­­ті және уақтылы шара деп атай­ды.

Мұндағы бас­ты міндеттерінің бірі аға буын­ның саламатты өмір салтын қол­дау болып табылады. Барлық өңір­лерде, аудан-қалаларда Белсенді ұзақ өмір орта­лық­тарының ашылғанына өте қуаныштымын. Өйткені БҰҰ есептеулері бойынша 50 жылдан кейін планетаның әрбір алтыншы тұрғыны егде жастағы адам болады. Сондықтан қазірден бастап қарт адамдарға сапалы, әр түрлі және белсенді өмір сүруді қам­тамасыз ету бойынша жұ­мыс­ты бастау аса маңызды. Айта кету керек, соңғы 5 жылда 65 жастан асқан адамдардың үлесі 2 есеге артты. Нәтижесінде, ха­лықаралық стандарттарға сәй­кес, Қазақстан 2017 жылы халқы есей­ген елдер тобына кірді.

2022 жылдың 1 қазанында Түркістан қаласында Мұсабеков көшесі, 2а мекенжайында қарттар мен зейнет жастағы азаматтарға қоғаммен белсенді араласу және денсаулықтарын жақсартумен қатар қартаю динамикасын төмендетуге кешенді сауықтыру, арнаулы  әлеуметтік қызмет көрсететін «Белсенді ұзақ өмір орталығы» ғимаратының ашылу салтанаты өтті.

Өзін-өзіне қызмет ету және белсенді қимыл-қозғалыс қабілетін сақтаған қарт адамдарға әлеуметтік-медициналық, психологиялық, экономикалық, құқықтық, ағартушылық, тұрмыстық еңбек, әлеуметтік–демалыс және әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерін және бос уақытын пайдалы өткізудің кешенін өткізу олардың белсенді өмір салтын сақтау және дамыту көзделген.

Белсенді ұзақ өмір орталығында дәрігердің бақылау мен кеңесі бойынша психологтың көмек, тұзды бөлме, сенсорлық бөлме, массаж, сауықтыру-гимнастика, ЛФК кабинеті, еңбек терапия, фитотерапия, ағартушылық кабинет, акт залы, кітапхана алаңы, бильярд және тенис ойын алаңы, қосымша би, ән, т.б үйірмелер қызмет етуде.

Ерекшелігі сол – 1 сеансы 10 классикалық массажға тең жаңа инновациялық биоэнергетикалық массаж аппараты арқылы бірден 7 түрлі ем ұсынылады. Биоэнергетикалық массаж аппарат (БЭМ) бір мезетте ауру нүктесін анықтап, иглотерапия, физиоемдеу, лимфодренаж  классикалық, гуаша, «баночный» және «акапунктурный» массаждарды жасайды.

БЭМ аппараты тірек-қимыл аппараттары, бел-омыртқа аурулары, грижа, инсульт әсерлері мен остеохандроз, плексид және жүйке жүйесін емдеуде өте жақсы нәтижелер беруде. Орталықта аталған қызметтерді күніне 60-70 зейнеткер алады, яғни айға шақсақ, 1800-2100 адам қызмет алады деген сөз немесе оның үлесі қалада тұратын зейнеткерлер санының  16 пайызын құрайды.

Осы тұста атап өтер мәселе, 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов 2021 жылғы ақпанда бекіткен болатын. Ол егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын арттыру, халықтың салауатты өмір сүру ұзақтығын арттыру, қарт адамдардың әлеуметтік және психологиялық әл-ауқатын жақсарту, егде жастағы адамдардың қоғам өмірінің әртүрлі салаларына, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысу мүмкіндіктерін кеңейту үшін іс-шараларды көздейді. Осы жоспарды іске асыру үшін үлкен жастағы адамдардың жағдайын жақсарту мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды. Қазақстанда 65 жастан асқан шамамен 1,5 миллион адам немесе бүкіл халықтың 7,8%  тұрады. Бұл көрсеткіш соңғы 6 жылда 1% өсті (2015 жылы 6,8%).

Мұндай орталықтардың ашылуы Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау министрлігі әзірлеген «Белсенді ұзақ өмір» Ұлттық жоспарында көзделген. Қазіргі уақытта құжат жобасы орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер деңгейінде, сондай-ақ онлайн режімде «Ашық НҚА» порталында тал­қы­ла­нуда, онда әрбір тілек білдіруші өз ұсыныстарын бере алады.

Белсенді ұзақ өмір орталығы – ересек адамдар ағылшын тілін үй­реніп, компьютерлік сауат­ты­лық курстарынан өтіп, емдік дене шынықтырумен, бимен және т.б. айналыса алатын бос уақы­тын өткізу мекемесі. Нәтижесінде, егде жастағы қазақстандықтар қоғам­ға белсенді түрде араласып, олар­дың психоэмоционалдық жағдайы жақсаруда.

Алматы қаласы «Белсенді ұзақ өмір» орталығы іске қосылған Қазақстандағы алғашқы өңір бол­ды. Ол 2018 жылы маусым айында ашылды. Орталық 75 адамға есептелген, бірақ сұ­ранысқа байланысты күн сайын оған 350-ге жуық адам қатысты. 2019 жылдың со­ңына қарай қаланың барлық ауданда­рында дәл сондай 7 мекеме іске қосылды. Бағдарлама Дүние­жү­зі­лік денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген қартаю проблемалары жөніндегі Мадрид халықаралық іс-қимыл жоспарының тұжырым­да­масын ескере отырып әзір­лен­ді. Қартаю мәселелері жөнін­дегі са­рапшылар бүкіл ел бойынша бел­сенді ұзақ өмір орта­лық­та­ры­­ның көп болуын барынша қа­жет­­ті және уақтылы шара деп атай­ды.

«Біздің ұйымымыздың бас­ты міндеттерінің бірі – аға буын­ның саламатты өмір салтын қол­дау болып табылады. Барлық өңір­лерде Белсенді ұзақ өмір орта­лық­тарының ашылғанына өте қуаныштымын. Өйткені БҰҰ есептеулері бойынша 50 жылдан кейін планетаның әрбір алтыншы тұрғыны егде жастағы адам болады. Сондықтан қазірден бас­тап қарт адамдарға сапалы, әр түрлі және белсенді өмір сүруді қам­тамасыз ету бойынша жұ­мыс­ты бастау аса маңызды», — деді Эльмира Тұңғышбайқызы.

Айта кету керек, соңғы 5 жылда 65 жастан асқан адамдардың үлесі 2 есеге артты. Нәтижесінде, ха­лықаралық стандарттарға сәй­кес, Қазақстан 2017 жылы халқы есей­ген елдер тобына кірді.

2021 жылы Қазақстанның түрлі өңірлерінде жұмыс істейтін 30 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қарт азаматтарға 40 мыңнан астам түрлі қызмет көрсетіліпті. Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары «Бір терезе» қағидаты бойынша үш бағыт бойынша жұмыс істейді: белсенді ұзақ өмір сүру, денсаулық мәдениеті және жұртшылықпен байланыс. Орталықтардың қызметі қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған: өнімді және белсенді ұзақ өмір сүруге пассивті өмір сүру менталдылығын өзгерту, оның ішінде жүйелі бос уақытты ұйымдастыру (йога, скандинавиялық жүріс, IT-сауаттылығын арттыру, мотивациялық және кәсіпкерлік курстар, ағылшын тілі курстары және т.б.).

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, 2021 жылы белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары бойынша жобаларды іске асыруға 738 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды, 30 орталыққа 385 қызметкер жұмылдырылды, 40 мыңнан астам түрлі қызмет көрсетілді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта республика бойынша еліміздің барлық өңірлерінде белсенді ұзақ өмір сүрудің 50-ден астам орталығы жұмыс істейді. Олар коммуналдық мемлекеттік мекемелер ретінде де, үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру есебінен де ашылып жатыр.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, бүгінгі күні орталықта қызметкерлердің жалпы саны 490 адамнан асады, 2022 жылы жергілікті бюджеттерден Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының жобаларын іске асыруға 1,6 миллиард теңге бөлінді.

Бұл ретте мемлекет аға буын өкілдерін әлеуметтік қорғау, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды дәйекті түрде қабылдап отырғандығын да атап өткен жөн. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес базалық зейнетақы мөлшері жыл сайын инфляция деңгейіне, ал ынтымақты зейнетақы мөлшері инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып индекстеледі. Мұндай ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратты. Мәселен, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы мөлшері 5%-ға, ынтымақты зейнетақы 7%-ға ұлғайды. 2022 жылғы 1 сәуірден бастап зейнетақы мөлшері қосымша 4% индекстелген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда зейнетақылардың 9-11%-ға өсуін қамтамасыз етті.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақымен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар шараларды атап өтті. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылға дейін базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% – ынан 70%-на дейін, ал ең жоғары мөлшері 100%-ынан 120%-на дейін кезең-кезеңімен арттырылатын болады.

Бұдан басқа 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін қабылданатын ең жоғары табыстың шамасын 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру жоспарлануда. Ұсынылып отырған шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қарт адамдарды қолдау, олардың әлеуметтік қызмет көрсету деңгейін арттыру, қоғамдық өмірге тарту бойынша шараларды іске асыруда.

Республикада 51 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылып, белсенді жұмыс істеуде. Орталықтардың жұмыс істеуіне жергілікті бюджеттерден бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 2022 жылы 2,4 миллиард теңгеден асты.

– Эльмира Тұңғышбайқызы, уақыт тауып мазмұнды әрі жан-жан жақты дерек-дәйектерді келтіре отырып сұхбат бергеніңізге рахмет! Елдің игілігі жолында аянбай еңбек ете бергейсіздер!

Сұхбаттасқан – Т.ЕСЕНБАЙҰЛЫ.

P.S. Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған межені кесте түрінде беріп отырмыз.

    2022 жылғы көрсеткіштер  
жылдық жоспар орындалуы орындалу пайызы % бөлінген қаржы мың, теңге игерілген қаржы мың, теңге тұрақты жұмыспен қамтылғаны
Жұмыс орындарын субсидиялауды ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау 1455 1493 103% 1 559 813,0  362 736,8   
1 Қоғамдық жұмыстар (жалақысы — 85 000 теңге) 650 843 130% 845 120,0  322 483,0  20
2 Әлеуметтік жұмыс орындары (жалақының 35%-ы) 240 125 52% 91 476,0  24 799,0  1
3 «Жастар практикасы» (жалақысы — 91 890 теңге) 500 490 98% 567 135,0  65 640,0  0
4 Алғашқы жұмыс орны (жалақысы — 91 890 теңге) 30 35 117% 56 082,0  5 205,0  0
5 «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы (жалақысы — 91 890 теңге) 5 0 0% 0,0     
6 «Күміс жас» жобасы (жалақысы — 91 890 теңге) 30 0 0% 0,0  0,0   

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

3 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.