ТҮРКІСТАН: «ЭССЕ ЖАЗУ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы Білім беруді дамыту орталығы:

«Ясауи мұрасының түркі елінде насихатталуы» атты эссе жазу байқауының жеңімпаздары анықталды.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары С.Қалқамановтың бастамасымен ұйымдастырылған Түркістан облысында Қ.А.Ясауи мұрасын насихаттауға арналған іс-шаралар кестесіне сәйкес 5 қыркүйек пен 10 қазан аралығында жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында «Ясауи мұрасының түркі елінде насихатталуы» тақырыбында эссе жазу байқауы өткен болатын.

Байқау қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінен үш секцияда жүргізілді. Аудандық кезеңінің жеңімпаз оқушылардың жұмыстары облыстық білім беруді дамыту орталығының бұйрығымен құрылған комиссияға ұсынылып, эссе байқауының қорытындысы шықты.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.