ТҮРКІСТАН: ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол!

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы әкімі Б.Асанов бекіткен «Балалардың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, ерте жүктіліктің алдын алу және жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу жөніндегі мекемеаралық іс-шара жоспарына сәйкес ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту арқылы күйзелістен арылу дағдысын қалыптастыру, өз-өзіне сенімділігін арттыру, қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйрету мақсатында 2022 жылғы 18 қазанында «Мақтарал» мәдениет үйінде семинар өткiзiлдi.

Семинарды ашқан Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі маңызды» -деп көрсетсе, Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Мұратбек Төлепұлы Серикбаев өз сөзінде: «Ата-ана, мектеп, оқушы – үштік одағының жұмысын жандандыру үшін ата-аналарды белсенді болуға шақырды. XXI ғасырда әр адам үшін интеллектуалды қабiлет қандай қажет болса эмоционалдық қабiлет те сондай қажет екенін, күнделікті тiршiлiкте, үйде, жұмыста адам үшін аса маңызды рөл атқаратын, таптырмас құрал» — деп айтып өтті.

Семинарда отбасылық құндылықтар мен ақпараттық қауіпсіздік, мектеп формасына қатысты тақырыптарға заманауи үлгіде слайдты таныстырылым жасалып, баяндамалар оқылды.

Семинардың практикалық бөлімінде әдіскер-психолог М.Нуртаева «Арт терапия: шығармашылық арқылы адамның психоэмоционалды жағдайына әсер ету» — тақырыбында арналған тренинг, супервизиялар, психологиялық жаттығулар, ән-терапия өткiздi.

Түркістан облысының ата-аналар ассоциясының төрайымы Ақбаян Төлбасықызы семинарға қатысқан ата-аналар және қатысушыларға жалынды сөздер айтып, шабыттандырды. Отбасындағы ата-ананың әр сөзі, іс-әрекеті баланың көңіл-күйіне тікелей әсер етуші фактор, сондықтан «Саналы ата-ана — саналы ұрпақ кепілі» — деп айтып кетті.

Бөлім басшысы М.Серикбаев аудандағы білім саласында психологияны дамытуда атсалысып жүрген мектеп психологтарына алғыс хат табыстап, жұмыстарына табыс тiледi.

Семинарды қорытындылау кезінде Аудандық әкелер мектебінің төрағасы Ш.Бәйтен «Семинардың тақырыбы мен мазмұны қазіргі уақытта өзекті екеніне тоқталып, сана өзгермей адам өзгермейді» — деп жылы лебізін білдірді. С.Айни атындағы жалпы орта мектебінің директоры Ш.Бабаев «Семинар – жоғары деңгейде өткенін, осы семинар материалдарын аудан мектептері арқылы барлық ата-аналарға таратылса» — деп, ұсынысын айтты.

Ad Widget

Recommended For You