ТҮРКІСТАН: «ТҰРАН – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ТУРИСТІК ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің директоры Сәуле Өмірсерікқызының ұйымдастырумен Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Біркөлік шатқалында орналасқан туристік лагерінде «Тұран-2022» облыстық туристік жарысының ашылу салтанаты өтті. Жарысқа «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-не қарасты қала, аудандық бөлімдердің құрама топтарынан жалпы саны 110 үйірмеші қатыстырылды.

Жарыстың мақсаты: Оқушылардың туристік ептіліктері мен шеберліктерін арттыру, топтар арасынан үздік туристік топтарды анықтау, құтқару жұмыстарын үйрету, төтенше жағдай кезінде зардап шеккен жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету.

Іс-шараның ашылу салтанатын «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің директоры Сәуле Өмірсерікқызының құттықтау сөзімен бастау алды. Жарысқа келген үйірмеші топтарға сәттіліктер мен жеңістер тіледі.

Туристік жарыс қатысушыларына сәттілік тілейміз, жарыс тартысты өтпек!

«Тұран-2022» облыстық туристік жарысына қатысушы оқушылардың жол қауіпсіздігіне, денсаулығына, жарыстың қауіпсіздігіне қолдау білдіргені үшін Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры М.Т.Қабденовқа, Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы М.О.Пашимовқа, Түркістан облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н.Жунусовке алғыс білдіреміз!

Ad Widget

Recommended For You