
Сайлауға Түркістан қаласы бойынша 31 мектептен 31 президент бақ сынасуда.
Басты талаптар: мектеп президенті болуы, оқу үлгерімі жақсы, үш тілді меңгерген, тәртіптік жазалардың болмаған, 9-10-11 сынып оқушылары қатыса алады.
Сайлау келесі кезеңдерден тұрады:
1. Бейнеролик (1 минуттық бейнероликте әр үміткер өзін таныстырады. Бейнеролик Оқушылар сарайының инстаграмм және фейсбук парақшасында жарияланады. Бейнероликтің қаралымы және лайк саны дауыс беру кезеңіне әсерін тигізеді)
2. Эссе (17.10.2022ж. сағат 15:00-де Түркістан Оқушылар сарайында үміткерлер эссе жазады. Эссе нәтижесінде келесі кезеңге 20 үміткер өтеді)
3. Интеллектуалды викторина (20.- 21.10.2022ж. сағат 18:00-де «Алатау» медиа орталығында тікелей эфирде өтеді. Жеребе арқылы әр айналымға 5 үміткерден қатысады. Әр айналымнан 1 үміткер жеңімпаз атанады. Келесі кезеңге 4 үміткер өтеді);
4. Пікірталас сайысы (25.10.2022ж. сағат 15:00-де жеңімпаз 4 үміткер берілген тақырыпқа сай Оқушылар сарайының концерт залында жоба қорғайды)
5. Жасырын дауыс беру (28.10.2022ж. Оқушылар сарайында сайлау өтеді)
6. Қорытынды (31.10.2022ж. 15:00-де жеңімпазды марапаттау гала- концерті өтеді)
Жеңімпаз Оқушылар сарайы және «Аманат» партиясының бір жылдық стипендиясы иегері атанады
