
Түркістан облысы, Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «25 қазан-Республика күніне» орай, аудандық «Қазақ елі менің -Отаным!» тақырыбында барлық білім беру ұйымдарының 5-6 сынып оқушылары арасында асфальтқа сурет салу байқауы өтті.
Мақсаты: Мектеп оқушыларын патриоттық тәрбиеге баулу және рухани адамгершілікпен қатар өзінің туған елі мен жеріне деген құрметтерін арттыру.
Байқауға жалпы- 180 оқушы қатысты. Оның ішінде мерекеге орай өткізілген байқаудың мектепішілік жеңімпаздары да болды.
Жұмыстары жоғары бағаланған шығармашыл оқушылар білім бөлімінің I , II , III дәрежелі дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
