
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында 25 қазан «Республика күніне» орай «Туған елімнің мен патриотымын!» патриоттық әндер байқауы өтті.
«Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің базасында өтіп жатқан мерекелік шараға облыстағы 27 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қатысты.
Сайыстың басында Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрлыбаев Нұржан Мәдірайұлы сөз бастап, қатысушыларға сәттілік тіледі!
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші 27 қатысушы патриоттық бағытта ән шырқайды. Нәтижесінде үздік деген 13 өнерпаз келесі кезеңге жолдама алады. Екінші кезеңде де “Туған жер” тақырыбы аясында қара өлеңді мәнерлеп оқып сайысқа түседі.
Шараның басты мақсаты: Қоғамда өздерін көрсете алатын және өз еліне пайдалы бола алатын. Жаңа Қазақстанның патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы– патриот тәрбиелеу.
Талантты талапкерлердің талабын арнайы әліл-қазы алқалары бағалайды! Жоба жеңімпаздары марапатталып, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Түркістан облыстық кәсіподақ комитеті арнайы ынталандыру сыйлығын ұсынад
