
Республика күні – Тәуелсіздігімізді ұлықтайтын мереке. Бүгінде біз Тәуелсіз Қазақ елінде тұратынымызды мақтан тұтамыз. Туға, Елтаңбаға, Әнұранға, ұлттық мерекелерге патриоттық сезімді, оларға құрметпен қарауды мақсатты түрде қалыптастырып келеміз.
Осы мақсатта мектеп оқушылардың Отанды сүюге, егемен еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық тәрбие беру мақсатында 25 қазан — Республика күніне орай, Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында жиын өткізілді. Соның бірі- П.Шевцов атындағы жалпы орта мектебі. Жиынды ашқан мектеп директоры Гүлнар Ниязалықызы ұстаздар мен оқушылармызды келе жатқан 25 қазан — Республика күнімен құттықтап, ұлттық мерекенің маңызына тоқталды.
Жиын барысында үздік оқушылар мен бірқатар ұстаздар марапатталды. Іс-шара сыныптардағы Республика күніне арналған сынып сағаттарымен жалғасын тапты.
