
25 қазан — Республика күні қарсаңында Келес ауданының барлық білім беру ұйымдарында мерекелік іс-шаралар өтті. Шәкірттер еліміздің даму жолы мен тарихы туралы кітап көрмелерімен танысып, жас дарындар көпшілікке Отан туралы жыр шумақтарын тарту етті. Мерекелік флешмобтар мен ел тарихынан сыр шертетін сахналық қойылымдар көрермендер көңілінен шықты.
Еліміздің тәуелсіздігі шынымен де осы күннен басталады. Болашақта бұл мереке тәуелсіздікті дәріптеп, нығайтуға септігін тигізеді деген сенімдеміз.
