ТҮРКІСТАН: БАСҚАРМА БАСШЫСЫ МАҚТААРАЛҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Мақтаарал ауданына арнайы барды. Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, көрші елде болған жағдайға байланысты, шекаралас орналасқан Мақтаарал ауданындағы білім беру ұйымдарын аралады.

Атап айтқанда, «Мақтарал» мектеп-гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесі, №6 Қаныш Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебі, Қ.Үкібаев атындағы №37 жалпы орта мектебі, Мақтаарал ауылдық округіндегі №14 колледжі, Мақтаарал Аргарлық колледжінің жағдайымен танысып қайтты.

“Зардапты жою жұмыстары басталып кетті. Балалар мен студенттердің сабақ алуы үшін барлық шаралар қабылданды” , — дейді Дінислам Болатханұлы.

Бұдан бөлек, облыстың бас ұстазы жауапты мамандарға арнайы тапсырма беріп, оқушылар мен студенттердің білім сапасына әсер етпеуін қадағалауды алға тартты.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.