Жиынға басқарма мамандары, аудан/қаладағы білім бөлімдері қатысты.
Бірінші кезекте, Кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын алатын құқықбұзушылықтар мен оқыс оқиғалардың алдын-алу мәселелері жайында сөз қозғалды.
Басқарма басшысы ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнатып, ата-аналар жиналысын басқа форматта жүзеге асыруды тапсырды. Өз кезегінде бұл ата-аналар баласының тәртібі мен оқу үлгеріміне қатысты сауалдарын тікелей тек мұғалімі мен мектеп директорларына жеке қойып, жеке талқылауына ыңғайлы.
Сондай-ақ, облыстың бас ұстазы педагогтердің оқу жүктемелерін пысықтады. Әсіресе “Өзін-өзі тану” пәні мұғалімдерінің дұрыс орналасуы мен “Денешынықтыру” пәні ұстаздарының оқу жүктемесі жайында баяндама оқылды.
Бұдан бөлек, «Оқуға құштар мектеп” жобасының жүзеге асырылуын дамыту бағытындағы жұмыстар таныстырылды.
“Е-кітапхана” жобасы бойынша электронды кітапхана қорын қалыптастырудағы атқарылған шаралардың есебі тыңдалды.