-Түркістанда заманауи үлгіде мектеп-балабақша ашылып, алғашқы оқушыларын қабылдады.
-Бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық семинары өтті.
-Басқарманың бастамасымен ұйымдастырылған #ОтанымЖүрегімде байқауының жеңімпаздары анықталды. Әлеуметтік желіге 300-ден аса өтінім келіп түскен.
-«Өнерлі ұстаз-2022” облыстық байқауының финалдық кезеңі өтті.
-Өңір оқушылары арасында “Жас тілшілер” анықталды.
-Жартылыстану- математика цикл пәндері бойынша ХV президенттік олимпиаданың екінші кезеңі өтті.
-Жуырда Басқарманың төл туындысы “Күлтегін” зияткерлік сайысында жартылай финал. Іріктеу кезеңі аяқталды.
-«Жасыл челлендж” іс-шарасына білім басқармасы да ат салысты.
-Келесте балабақшада гидропоника мен робототехниканың қыр-сырын үйретеді.
-Тіл айлығы қорытындыланды. Үш тілде жүргізілген шарада тіл үндестігін таныта білген өрендер өз өнерлерімен тәнті етті.
-«Ақберен» байқауының облыстық кезеңі басталды. Байқауға облыс бойынша адами әлеуетті дамыту бөлімдеріне қарасты жалпы орта білім беретін мектептер мен мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 147 оқушы қатысты.
-Түркістанда “Жас тұлпарлар жырлайды” тақырыбында республикалық оқушылар айтысы өтті.
-Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының облыстық семинары ұйымдастырылды.
-Республикалық «Оқуға құштар мектеп» ұлттық жобасы аясында педагогтер арасында «KitapХАН@» кітап оқу жобасында облыс ұстаздары белсенділік танытты.
-«Үздік шебер-2022» облыстық байқауы өтті. Сайыста әртүрлі құзыреттілік бойынша білім беретін өндірістік оқыту шеберлері және арнайы пән оқытушылары бақ сынасты.
-Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мұғалімдер арасында спорттық жарыс өтті.
-«Жас және жаңадан келген мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында әдістемелік десант жүргізілді.
-Күзгі демалыс жоспарына сәйкес туристік көпсайыс үйірме қатысушылары арасында оқу-жаттығу жиыны өткізілді.
-«Тұран скауттар әскери патриоттық қозғалысы» жиыны облыстық туристік жарысы өз мәресіне жетті.
-Ертеңнен бастап оқушылар күзгі каникулға шығады. II тоқсандық сабақ 7 қараша күні басталады.