Түркістан облысының педагогтері басқосқан тәжірибелік семинарда Түркістан NIS-тің ұстаздары дайындаған шағын оқыту мен шеберлік сыныптарға қатысты. Семинар барысында әр әдістемелік берлестік өз пәндері бойынша белгіленген тақырыпта шеберлік сағаттарын өткізді.
Атап айтсақ, Математика пәнінің мұғалімдері:
Қажымұрат Әшір — «Қималарды салу»,
Эльдар Абдушукуров — «Векторларды оқыту»,
Салима Шаленова — «Түзулер».
Физика пәнінің мұғалімдері:
Бауыржан Ильясов — «Кирхгоф заңы»,
Султан Каримов — «Ампер таразы»,
Ғалым Худайберген — «Архимед заңы»,
Химия пәнінің мұғалімдері:
Гаухар Кабыкеева — «Атом элементтерінің периодтық өзгерісі»,
Надыра Абжалиева — «Молярлық концентрация».
Қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімдері:
Роза Есбалаева — «Ақан сері»,
Әсел Тенгебаева — «Амандасу мәдениеті»,
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері:
Айнур Аманбаева — «Protect the environment»,
Айгүл Бескемпірова — «Environmental issues».
Орыс тілі пәнінің мұғалімдері:
Батиха Тапелова — «Критериальное oценивание»,
Иван Клименко — «В мире профессий».
Қоғамдық-гуманитария әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері:
Ерлан Сеитов — «Қазақстанның минералды ресурстары»,
Серік Жолдасов — «Пәндік олимпиадаға іріктеу және дайындау»,
Гүлнұр Акынбекова — «Қарахан Мемлекеті: Ислам Діні»,
Асель Бейсенбекқызы — «Людвик XIV және Ұлы Петр: Абсолютті билік» тақырыптарында облыс мұғалімдерімен бірлесе, тереңдетіп оқуда өз ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың тәжірибе алмасу алаңында мектеп ұстанымы мен құндылықтары, мінсіз мұғалім критерийлері, оқу процесіндегі эмоционалды күйлер, кәсіби даму, академиялық орта құру, жобалар мен үйірмелерді оқушыға бейімдеу тақырыптарында өз әдіс-тәсілдері мен ойларын ортаға салып, жиынға қатысушы ұстаздар Түркістан NIS-тің мұғалімдерінен оқу процесіне қажетті маңызды әрі пайдалы ақпараттар мен ресурстар ала білді.