Бүгін басқарма басшысы Дінислам Болатханұлы кезекті аппарат жиынын өткізді. Оған Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының мамандары, аудан/қаладағы білім бөлімдері қатысты.
Жиын барысында «Bilim Land» платформасына орта білім ұйымдарының тіркелу мәселесі қаралды. Бұл туралы «Білім беруді дамыту орталығы» директоры Б.Төлімбет есеп берді.
Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың білім алуы туралы Кәмелетке толмағандарды әлеуеттендіру бөлімі басшысы А.Қасымбекова баяндама оқыды.
Сондай-ақ, облыстық білім беруді дамыту орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Н.Досжанова «WorldSkills Kazakhstan-2022» дайындық жұмыстарына тоқталды.
Басқосу соңында басқарма басшысы жауапты мамандарға күн тәртібіндегі мәселелердің орындалу мерзімін бекітті.