ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ТӘРБИЕЛЕУ

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты мектепке дейінгі ұйымның әдіскерлерімен бірге «Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу» тақырыбында семинар практикум болып өтті.

Мақсат — ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, үлкенге құрмет, кішіге қамқор бола білетін жеке тұлғаны қалыптастыру. Ұлттық мінез-құлықтың негізгі дағдыларына тәрбиелеу, адамгершілік ұғымдары мен дұрыс мінез-құлық қалыптастыруға ықпал ету.

Семинар аясында «Үлгілі», «Гулдер», «Әуметхан», «Әсел», балабақшасының әдіскерлері ұлттық құндылықтарды іс-әрекет барысында қолданып жатқан ойын түрлерімен бөлісті. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, ел болып, ұлт болып қалыптасуымыз үшін «Ұлттық тәрбие» балабақшалардан бастау алары сөзсіз.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.