Аталған іс-шарада оқушылар «100 кітап» жобасы бойынша оқулықтармен танысып, өз ойларымен бөлісті. Жоба барысында сынып жетекшілері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері: Г.Құлбатыр, А.Қамбарова, Р.Кенжебекова, Д.Көлбаева т.б. қатысып, ерекше белсенділік таныта білді. Ал оқушылар болса, өзге елдің көркем әдебиет, оқулық-шығармаларымен танысты.