
Түркістан облысында алғаш рет республикалық аймақтық жас педагогтер форумы өтті. Жас ұстаздар форумы: дамушы орта, үздіксіз ізденіс алаңы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Шымкент және Түркістан қаласындағы филиалдарының ұйымдастыруымен өткен басқосуға облысқа қарасты барлық аудан және қалалардан 140-қа жуық мұғалім қатысты.
Жиынға Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының директоры Бақытжан Тәлімбет қатысып, өз ойын ортаға салды.
Ұстаздық жолында түрлі оқиғалар талқыланған баяндамаларды толғаныспен тыңдаған жас мұғалімдер спикерлерге педагог болудың маңызын айшықтауда сауалдар қойып, басқосу еркін форматтағы сұхбаттасу алаңына айналды.
Рухани шаһар төрінде бас қосқан жаңа буын мұғалімдері форумда білім берудің жаңа тенденцияларына толы тренингтер мен оқыту үдерісіндегі мәселерді талқылауға арналған тақырыптық алаңдар, жас мұғалімдерге арналған шеберлік сабақтарға қатысты. Өңірге қарасты аудандардан келген жас мұғалімдер форумға қатысушы әріптестеріне оқыту процесіне қажетті ресурстар мен түрлі әдіс-тәсілдер мен лайф-хактар түсіндіріп, өз тәжірбиелерімен бөлісуде шеберлік сабақтарын өтті.
