ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ТҮРКИЯДА ТОП ЖАРДЫ

Түркістан қаласындағы жаратылыстану — математикалық бағытта олимпиада резервін дайындайтын №28 мектеп-лицейінің оқушылары Түркияның Анталия қаласында өткен «XIV INTERNATIONAL OLYMPIAD IN ANTALYA» атты Халықаралық олимпиадада жеңіске жетті.

Мақсат – үздік білім мен тәжірибе, шынайы дарын иелерін тану және табысқа жету жолына серпін беру.

Аталған мектеп-лицей директоры Ләззат Нысанқұлова мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Абайқызының жетекшілігімен барған оқушылар өздерінің шын жүйрік екендіктерін дәлелдей білді.

Байқау қорытындысы бойынша

6-сынып оқушылары Сымбат Смайлова мен Альтайыр Нариманов орыс тілі пәні бойынша жүлделі 1 және 3-орындарды қанжығасына байлады. Ағылшын тілі пәні бойынша 6-сынып оқушысы Жанасыл Жандосұлы 2-орынға лайық деп танылды. Жүзден жүйрік шыққан 9-сынып оқушысы Абдуәлім Даулеталин «Мистер Олимпиада» номинациясына ие болды. Ал, география пәнінен командалық жарыста жүлделі 1-орынды жеңіп алды.

Жарысқа Халықаралық қазылар алқасы бағасын беріп, кіл мықтылар мен шын дарын иелерін анықтады.

5 мемлекеттен 56 мектеп өзара бәсекеге түсті. Сонымен қоса, білім жарысын ұйымдастырушы тараппен байланысты одан ары нығайту мақсатында Ләззат Жаналықызы арнаулы меморондумға қол қойды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.