Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «№69 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірқатар ұлағатты ұстаздары Түркістан қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде, Түркістан облысының жалпы білім беретін мектептердің ұстаздарына арналған облыстық тәжірибелік семинарына қатысты.
-Семинар мақсаты: өңір мектептерінің мұғалімдерімен тәжірибе алмасу, оқыту үрдісін ұйымдастыруға бағыт-бағдар ұсыну.
-Жалпы саны 115 мұғалімді құраған, өңір ұстаздары бас қосқан тәжірибелік семинарда Түркістан NIS-тің ұстаздары дайындаған шағын оқыту мен шеберлік сыныптарға қатысты. Әр әдістемелік бірлестік өз пәндері бойынша белгіленген тақырыптарда өткізілген шеберлік сағаттарына қатысып, тереңдетіп оқуда өз ойларын ортаға салып, тәжірибе алмасты.
-Тәжірибе тарату алаңында ұстаздарымыз мектеп ұстанымы мен құндылықтары, мінсіз мұғалім критерийлері, оқу процесіндегі эмоционалды күйлер, кәсіби даму, академиялық орта құру, жобалар мен үйірмелерді оқушыға бейімдеу тақырыптарында өз әдіс-тәсілдері мен ойларын ортаға сала отырып, Түркістан NIS-тің мұғалімдерінен оқу процесіне қажетті маңызды әрі пайдалы ақпараттар мен ресурстар ала білді.