Түркістан облысы, Сарыағаш аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Рсымбетова және «№69» жалпы орта білім беретін мектебінің жетекшілігімен осы аталған мектепте «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында серіктес мектептер арасында семинар.
-Мақсаты: Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде оқыту мен оқу тәжірибесіндегі жаңа әдіс-тәсілдердің тиімді жақтарын көрсету; пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру; критериалды бағалау жүйесін түсініп қолдана білуін қамтамасыз ету.
-Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев мектебінен география пәні мұғалімі Сеитов Ерлан, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Тапелова Батиха келіп, тәжірибе сабақ пен шебер сабақтар өтті.
-Сонымен қатар, «№69» жалпы орта білім беретін мектебінде “Аяласаң, табиғатты аяла!” атты Экология кабинет ашылды.
-Семинарға аудандағы білім беру ұйымдарының басшылары мен 60 мұғалім қатысып, тәжірибе алмасты.