
Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сай бастауыш сыныптар бойынша әдіскер Ғалия Бұхарбаеваның ұйымдастыруымен №5 С.Ысмайылов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі базасында 21.10.2022 жылы «Жаңартылған білім мазмұны аясында бастауыш сыныпта жеке тұлға қалыптастыруда құндылықтарға бағытталған білім мен тәрбие беру» тақырыбында аудандық іс-тәжірибе алмасу семинары өткізілді.
-Семинардың негізгі мақсаты: ауданымыздағы бастауыш сынып ұстаздарының жаңартылған білім беру аясында қолданылатын әдіс-тәсілдері арқылы өзара тәжірибе алмасу.
-Семинарға ауданның 60-қа жуық бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Мектептің семинарға дайындығы жоғары деңгейде.
Мектеп басшысы ұжыммен бірге әр жаңа күнді еліміздің мемлекеттік әнұранымен бастайтыны ерекшелеленеді.
Семинардың алғы сөзін Сарыағаш аудандық АӘДБ әдіскері Ғалия Бұхарбаева алып, аудан ұстаздарына бұл басқосудың мақсат-міндеттерін айқындап, ұтымдылығын айрықша атап өтті.
Тәжірибе алаңында бастауыш сынып мұғалімдерінің өзара іскерлік дағды, пәнге қызығушылық оятудың түрлі әдіс-тәсілдерін алмасу бүгінгі күні аса қажет сабақтың жаңа технологияларын меңгеру барысы да көрсетілді.
-«Менің педагогикалық тұлғалық орным» тақырыбында мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша орынбасары Гаухар Құдиярова семинарға қатысушылармен тренинг жүргізді. Тренинг ұстаздарға үлкен серпіліс беріп, семинардың сәтті өтуіне, кереметтей көңіл-күй сыйлауға ықпал ете білді.
Бағдарлама бойынша семинарды:
-«Қысқа дайын бол» тақырыбында 2″а»сынып оқушыларымен Керімқұлова Гүлнара;
-«Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем тақырыбында 4″а» сынып оқушыларымен Қыдырбаева Валентина;
-«Ауыр, жеңіл, килограмм. Өнім жинауға көмектесемін» тақырыбында 1″а»сынып оқушыларымен Қабылбекова Ақерке;
-«Жануарлар арасында қарым-қатынас тақырыбында 3″б» сынып оқушыларымен Бостанова Гүлмаралардың сабақтары өте тартымды өтті. Барлық мұғалімдер интербелсенді тақтаны қолдана отырып, түрлі слайдтар, әдіс-тәсілдер арқылы жеткізе білді.
-Сонымен қатар мектептің шебер ұстазы Қалмұратова Гүлайым келген ұстаздармен «Оқу мен оқытудағы оқу сапасын жақсарту мақсатында сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру» тақырыбында коучинг өткізді. Ұстаздар өз ойларын ашық жеткізе отырып, белсене атсалысты.
-Семинарға қатысушы аудан ұстаздары және 3″а» сынып оқушыларының қатысуымен «Білімді болуға ұмтылыс» тақырыбында Айтқұлова Нұржамал дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел ұстаздарға үлкен ой салды.
Семинар «Бақытты балалық…» тақырыбында өткізілген концерттік бағдарламаға ұласты.
Келген ұстаздарға өткізілген ашық сабақтар озық тәжірибе жинауға мүмкіндік беріп, концерттік бағдарлама керемет көңіл күй сыйлады.
