САРЫАҒАШ: С.Рсымбетова және №2 Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің жетек-шілігімен №10 Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназия интернатында «Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны» тақырыбында серіктес мектептер арасында семинар болып өтті

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері С.Рсымбетова және №2 Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің жетекшілігімен №10 Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназия интернатында «Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны» тақырыбында серіктес мектептер арасында семинар болып өтті!

-Мақсаты: Білім беру үдерісінде жаңартылған мазмұнды іске асырудың өзекті мәселелерін талқылау және тәжірибе алмасу үшін ашық алаң құру.

-Семинарда Избасарова Шарипа апай орыс тілі пәнінен М.Д.Симашко «ЕМШАН» тақырыпта ашық сабақ өтті. Досанов Бауыржан ағай «Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы» тақырыбында ашық сабақ өтті.

-Ата-аналарды мектепке шақырып, “Біз бақытты отбасы” тақырыбында ата-аналармен коучинг сабақты жоғары деңгейде Қадырбаева Оразкул апай жүргізді.

-Сонымен қоса “Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны” тақырыбында Куранов Бахтияр ағай коучинг сабақ берді!

-Семинар өз дәрежесінде өтті, келген қонақтар семинарды өткізген №10 Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназия интернаты ұжымына және директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасар Аблаева Сабира апайға алғыстарын білдіріп жатты!

Ad Widget

Recommended For You